Орындалуы ең жеңіл сүннет

Орындалуы ең жеңіл сүннет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Айша анамыздан (р.а.): «Алла Елшісін көмейі көрінетіндей болып күлгенін ешқашан көрген емеспін, өйткені оның күлгені – күлімсірегені болатын», - деген. Пайғамбарымыздың (ﷺ) сахабаларының айтуларына сай, ол (ﷺ) адамзат баласының ең көркем мінездісі әрі ең кішіпейілі болған. Ол (ﷺ) үнемі күлімсіреп жүрген әрі оның жүзі күлкі нұрына бөленіп тұратын.

Абдулла ибн Салам – яһуди дін қызметкері, бертін келе Пайғамбарымыздың (ﷺ) сахабасы болған. Мединеге Алла Елшісінің (ﷺ) келгенін біліп, әдейі келіп жүздесіп, өзін қызықтыратын сауалдарын қойып, лайықты жауаптар алған соң ислам дінін қабылдаған болатын. Пайғамбарымыздың (ﷺ) жүзін көрген ол: «Мынадай жүзі бар адам өтірік айтпайды», - деген екен.

Адамның жүзі және сыртқы бет-әлпеті оның мінез-құлқы мен санасының көрінісі болып табылады. Әр адам өз мінез-құлқы мен сана-сезіміне сай әрекет етеді. Бет-әлпет адамның ішкі жан-дүниесінің айнасы іспетті. Сол себепті де күлкі, күлімсіреу жанның көркем бейнесі болып табылады.

Жарир бин Абдулла (р.а.) – Пайғамбарымыздың (ﷺ) сахабасы былай айтқан: «Мен исламды қабылдаған сәттен бастап, Алла Елшісі (ﷺ) менімен жүздесуден ешқашан бас тартпаған және маған үнемі күлімсіреп қарайтын».

Басқа бір сөзінде былай келтірілген: «Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) сияқты үнемі күлімсіреп жүретін адамды ешқашан кездестірмедім».

Алла Елшісі (ﷺ) күлімсіреудің қасиеті жөнінде былай айтқан: «Бауырыңа күлімсіреп қарауың садақа болып табылады».

«Тіпті бауырыңды күлімсіреп қарсы алуды да елемей қоюшы болма».

Пайғамбарымыздың (ﷺ) қолында жарлы адамға беретін ештеңесі болмағанда, ол ұялғанынан жүзін жасыратын болған екен. Содан кейін мына аят түсірілген болатын: «Раббыңның мәрхаметін іздеп, үміт еткен түрде жалтақтасаң, (қолыңда болмағандықтан бере алмасаң) онда оларға сыпайы сөйле» (17:28).

Осы аят түсірілген соң, Пайғамбарымыздың (ﷺ) қолында мұқтаж жандарға беретін ештеңесі болмағанда, ол (ﷺ) оларға күлімсірей қарап, сыпайы сөйлеп, олардың қам көңілдерін жұбатып отыратын болған.

Сондықтан да күлімсіреу, амандасу және сыпайы сөйлесу – үнемі жасалуы тиіс амалдар. Олар әр мүміннің жасауы тиіс өзінше бір құлшылық түрі іспетті, ал күлімсіреу Алла Елшісінің (ﷺ) сүннеті болып табылады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: