«Һибатулла Тарази» медресесінің ішінен мұражай ашылды

«Һибатулла Тарази» медресесінің ішінен мұражай ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін облысымыздың өкіл имамы Жұмабаев Данияр қажының басшылық етуімен «Һибатулла Тарази» медресесінің бір бөлмесінен мұражай ашылды.  

Мешіттің бас имамы Данияр Әлимұхамедұлы мұражайдың тұсаукесер лентасын қиып, жиналған жамағатпен бірге мұражайдың ішін тамашалады. Мұражайдың ашылуына бас имам, мешіт қызметкерлері мен мешіт жамағаты қатысты.

Мұражайда облыстық орталық мешіт пен медресенің ашылған жылдан бастап жеткен жетістіктері мен тарихынан көрініс беретін тың дүниелер қойылған. Бұл Елбасының «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдардарламасы аясында іске асты.

Мұражайдың ашылуы мешіт қызметкерлері мен жамағаты және медресе шәкірттері үшін жағымды жаңалық болды.

Мұражай - жәдігерлер мекені. Тарихи құндылық пен рухани қазынаның ортасы. Мешітіміздің кешегісі мен бүгінін сабақтастырады.

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: