«Ұлттық тәлім-тәрбиенің негізі» тақырыбында іс-шара өтті

«Ұлттық тәлім-тәрбиенің негізі» тақырыбында іс-шара өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Әрбiр тәрбиешінің қолданатын жолы –ұлт тәрбиесі, әрбiр ұлттың бала тәрбиесі туралы ескiден келе жатқан жеке-жеке жолы бар....», - деген екен Мағжан Жұмабаев.

Ұлттық тәлім-тәрбиенің, яғни халықтың сан ғасырлық тәлімінің ұрпақ тәрбиелеудегі алатын орны ерекше. Ұлы ойшыл ғалым, ұстаз Әл-Фараби «Адамға ең бірінші білімнен бұрын  тәрбие беру керек, тәрбиесіз берген білім адамзаттың жауы» деген екен. Сондықтан,  ұлттық тәлім-тәрбие, халықтың сан ғасырлық тәлімі, тағлымы, ұрпақ  тәрбиелеуде маңызы зор. Ендеше, ұлттық тәлім-тәрбие деген ұғымға нені сыйдыруға болады?

Бүгін осы тақырыпта орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде облыстық «Әйелдер-қыздар секторының» ұйымдастыруымен, мешіттің әйел жамағаты және шәкірттерінің қатысуымен «Ұлттық тәлім-тәрбиенің негізі» тақырыбында іс-шара өтті.  

Кездесуде мешіт ұстазы Үсенова Зейнеп: «Ұлттық тәлім-тәрбие  дегеніміз - ұлттар  мен  ұлыстардың   әлденеше  ғасырға  созылған   ұрпақ тәрбиесіндегі  ұлттық салт-дәстүрлері  мен   мәдени  ойлау  үрдісінің  озық  үлгілерінің  жиынтығы», - деп сөз бастаса, Алдасаева Гүлжан ұстаз жалпы тәрбие сөзінің мағынасына, тәрбиенің нені қамтитындығына, тәрбиенің түрлеріне, ақыл-ой тәрбиесі, эстетика  тәрбиесі, экология  тәрбиесі, адамгершілік  тәрбиесі, еңбек  тәрбиесі, дене тәрбиесі, қонақ күту тәрбиесі, отбасы тәрбиесіне қатысты түсінік беріп,  әрқайсысына кеңінен тоқталып өтті.

Іс-шараға мешіттің бас имамы Данияр қажы Әлимұхаммедұлы арнайы қатысып, Бас мүфтидің «Өзгеруді өзіңнен баста!» деген бастамасына қатысты: «Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімнің «Рағыд» сүресінің 11-аятында: «Қайбір қауым өзін-өзі өзгертпейінше Алла оны өзгертпейді», – деп баяндаған. Ибраһим (а.с.) пайғамбар Алладан өзінің мұрасын жалғастыратын ұл сұрайды. Олардың иманды, тақуа болуын сұрайды және «“Раббымыз! Есеп құрылатын күні, мені, әке-шешемді және мүміндерді жарылқа!”, - (деді)».Бұл аяттан ұғатынымыз әр адам қандай істі жасаса да бірінші өзінен бастау керек. Өзгеруді де. Бұл тәрбиеге де қатысты», - дейді бас имам.

Тақырыпқа арқау болған ұлттық тәрбие ұлттық мәдениетімізден де көрініс табатыны анық. Осыған байланысты, облыстық ұлттық мұражайдың қызметкерін мешітке арнайы шақырып, мұражайда сақталған ХХ ғасырға тән қазақ қыз-келіншектерінің көне ұлттық әшекейлері, жүзіктер, алқалар, шашбау, белбеу, көйлектер мен қамзолдар, етік, дулыға, торсық, қоржындар және ең құнды жәдігерлер сол ғасырға тән кішкентай Құран Кәрім көрсетілді.

Іс-шараға қатысқан жамағат осындай рухани уағыздан сусындап, ұлттық жәдігерлерді тамашалап көңілді тарқасты.

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: