Туыстық қатынасты сақтаушыға берілетін сауап

Туыстық қатынасты сақтаушыға берілетін сауап

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазіргі заман бізге туыстық қатынастарды сақтаудың көптеген мүмкіндіктерін беруде. Ғалымдар бұл мүмкіндіктерді үшке бөлген:

1. Білім үйрету арқылы;

2. Материалдық немесе басқа да көмек көрсету арқылы;

3. Қоңырау шалу, үйлеріне барып, қал-жағдайларын білу, ортақ іс-шаралар, отбасылық кездесулер өткізу арқылы және т.б.

Ғалымдардың бірі анықтама ретінде келесіні ұсынған: «Қолынан келген игілікті жасау және шамасына қарай  зұлымдықтан аулақтату -туыстық қатынасты сақтаудың мәні болып табылады».

Хадистерде туыстық қатынастарды сақтайтындарға екі дүниеде де қандай сауап берілетіндігі келтірілген:

● Қарым-қатынасты сақтау – Жұмаққа жақындатады

Әбу Айюб әл-Ансари (р.а.) күндердің күнінде бір бәдәуидің Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) былай айтқанын келтірген: «Ненің Жұмаққа жақындатып, ненің Тозақтан алыстататынын маған айтшы». Оған Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Аллаға құлшылық ет, Оған серік қоспа, намаздарыңды оқы, зекетіңді төле және туыстық қарым-қатынасыңды үзбе», - деген екен. («әл-Адабул-Муфрад» 49).

● Туыстарының жауласқанына қарамастан туыстық қарым-қатынасын үзбейтіндерге Алла Тағаладан көмек болады

Әбу Хурайра (р.а.) бір күні Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) бір адамның келіп былай айтқанын келтірген: «Уа, Алла Елшісі! Асылында, менің туыстарым бар, мен олармен туыстық қатынасымды үзбеймін, бірақ олар менімен араласпайды. Мен оларға жақсылық жасаймын, олар маған зұлымдық жасайды. Олар маған қатыгездік танытады, алайда оларға қатысты мен жұмсақтық танытамын». Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай жауап береді: «Асылында, бәрі сен айтқандай болса, онда сен олардың аузын ыстық күлге толтырып жүргендейсің. Сен осы қалпыңнан өзгермесең оларға қарсы Алланың саған деген жәрдемі таусылмайтын болады». («әл-Адабул-Муфрад» 52).

Осы хадистің негізіне қатысты ғалымдар мынаны түйіндейді:

1. Туыстармен қарым-қатынастың негізі туыстарға жақсылық жасау, әлдебір туыстан келер жамандыққа сабырлық таныту әрі туыстарды ақтап алудың жолдарын іздеу болып табылады. Сауда-саттық – туыстар арасындағы қарым-қатынастың негізі болып табылмайды.

2. Аллаға бойұсыну Алланың көмегінің, қолдауының әрі Оның жәрдемінің себебі болып табылады. Бұл жөнінде Алла Елшісі (с.ғ.с.)былай айтқан: «Алланың саған деген жәрдемі таусылмайтын болады …».

3. Туыстық қарым-қатынасты үзу осы дүниеде  бейнет пен қасіретке әкеліп соғады. Алла Елшісінің (с.ғ.с.) мынандай хадисі бар: «Сен олардың азузын ыстық күлге толтырып жүргендейсің». Сондай-ақ, Қиямет күнгі масқаралық пен өкініштің себебі болып табылады.

4. Туған-туыстарына және өзгелерге де жақсылық жасау арқылы адам Алланың сыйынан үміт етуі керек. Ол ештеңеге де көңіл аудармай, өзіне Алла Тағала жүктеген міндеттерін атқаруы қажет. Ештеңеге көңіл бөлмей өзіне артылған міндетін атқарып жүрген жоғарыда айтылған әлгі ер адам сияқты. Төменде келтірілген хадисте былай айтылған: «Тек қана сөз жүзінде туыстық қатынасты үзбей жүрген, туыстық қатынасты сақтаған болып есептелмейді». Мұндай расында да туыстық қатынасты сақтап жүрген болып табылмайды.

Сол себепті адам туған-туыстарына олардың оған жасаған жамандықтарына қарамастан жақсылық жасауы керек. Сахабалардың бірі былай айтқан екен: «Асылында, менің туыстарым бар, мен оларқа қатысты туыстық қарым-қатынасты сақтаймын, ал олар сақтамайды. Мен оларға жақсылық жасаймын, алайда олар маған жамандық жасайды. Олар маған қатыгездік танытады, ал мен оларға жұмсақтық танытамын».

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)«Ақиқатында, егер бәрі сен айтқандай болса, онда сен олардың аузын ыстық күлмен толтырып жүргендейсің. Сен осы қалпыңнан өзгермесең оларға қарсы Алланың саған деген жәрдемі таусылмайтын болады», - деген. 

● Алла Тағала туыстық қарым-қатынасты үзбей жүргендердің өмірін ұзартып, ризығын арттырады

Әнас ибн Мәлик (р.а.) Алла Елшісінің (с.ғ.с.) былай айтқанын келтірген: «Кімде-кім Алла оның өмірін ұзартып, ризығын арттырғанын қаласа, онда туыстық қатынасын үзбесін». («әл-Адабул-Муфрад» 56).

Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сахабасы Ибн Омар (р.а.) былай айтқан: «Кімде-кім Жаратушыдан қорқып, туыстық қарым-қатынасты үзбесе, Алла оның өмірін ұзартып, мүлігін көбейтеді әрі оны туыстары жақсы көретін болады». («әл-Адабул-Муфрад» 58).

Туыстық қарым-қатынасты үзбеу – бұл туған-туыстарға жақсылық жасап қою ғана емес, сондай-ақ, оны туысы кеудесінен итерсе де ол онымен араласуға ұмтылуы керек. Абдулла ибн Амр (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) былай айтқанын жеткізеді: «Тек қана сөз жүзінде туыстық қатынасты үзбей жүрген, туыстық қатынасты сақтаған болып есептелмейді. Алайда онымен туыстық қатынасты үзсе де, ол туыстық қатынасын сақтаса, міне, сол туыстық қатынасын сақтаушы болып табылады».

Өзіңді туған-туыстарыңды сүюге мәжбүрлей алмайсың, олардың сені ренжіткенің де ұмыта алмайсың, бірақ олармен араласып, туыстық қарым-қатынастың үзілмегенін білдіріп қою керек және де өткенді екі жақтың келісуімен ретке келтіруге болады. Қасиетті Құранда мынандай аят бар: «Жақсылық пен жамандық тең емес. Жамандықты ең көркем түрде жолға сал. (Жамандыққа қарсы жақсылық қыл). Сол уақытта сені мен екеуің араңда дұшпандық болған біреу, өте жақын достай болып кетеді». (41:34)

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: