Аллаға иман келтіргендер осыны жасасын...

Аллаға иман келтіргендер осыны жасасын...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Неше-түрлі гаджеттерге толы біздің қазіргі заманда қай-қайсымыз болсақ та адамдармен араласуды әрі тату ортада болғанды жақсы көреміз. Бір жағынан бұл бізді әңгімелесуге итермелесе, ал дін өз жағынан бос сөздің зиянды екенін ескертеді.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) былай айтқан: «Ақиқатында, Алла бос сөзді (мән-мағынасы жоқ көп сөзді) жазғырады (адамдар не бұл дүниеге, не ақирет дүниесіне маңызды емес ақпараттарды жинап, талқылайды, олардың мақсаты мен мұраттарына келмейтін мәнсіз дүниелер, ал олардың мақсаты мен мұратының арқасында әрбір күні еңбек пен күнделікті қатаң өзіндік тәртіпке толы болады) және аса көп сұрақ қоюшылықты жазғырады».

Мұсылман өз уақытын зая жібермей, дұрыстап пайдаланып, игі амалдар жасауға тырысу керек. Бұған көңіл көтеру жиындары да жатады. Мұндай жиындар дарын мен күш-қуаттың босқа кетуіне әрі абыройдан айырылып, күнә жасауға әкеліп соғады.

Бұл жөнінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)  былай айтқан: «Денсаулық пен бос уақыт – осы екі мейірімге қатысты адамдар қамсыз».

Уақытты қайтадан қайтару мүмкін емес, сондықтан оны босқа өткізуге болмайды. Уақытымыз бен күш-қуатымызды тек бұл дүниеде емес, сондай-ақ, ақиретте де пайдасы тиетін дұрыс жолға салып, мәні жоқ бос әңгімелерден бойымызды аулақ ұстауымыз қажет.

Өміріміздің мән-мағынасын жоғалтпай, күнделікті еңбек етсек, сонда біздің мағынасыз әңгімелерге немесе бос сөздерге уақытымыз қалмайды.

Бос сөз сөйлеуді өсек жинаумен теңестіруге болады. Адам қажет емес дүниелерді айтып, өзінің де, басқаның да уақытын алады. Көптеген жағдайларда «зиянсыз» бос сөздер дау-дамайдың, жанжалдың себебіне айналады, ойдан шығарылған әңгімелер немесе түсініксіз жағдайлар адамдар арасының ашылуына әкеліп соғады. Бос сөзді жақсы көру тіпті Қияметте де адамды Алла Елшісінен (с.ғ.с.) алыстатады: «Қиямет күні маған ең жақсыларың әрі ең жақындарың – сендердің мінездері жақсыларың. Қиямет күні маған ең жамандарың әрі еңалыстарың – сөзқұмарларың, ділмарлығын көрсететіндерің және тәкаппарларың».

Ендеше, аузымыздан шыққан сөздерімізге өзіміз жауап береміз, өйткені сөзіміз бізді құтқарады немесе мәңгілік азапқа салады. Әбу Хурайрадан (р.а.) жеткен хадисте  сүйікті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) былай айтқан:«Кімде-кім Аллаға және Қиямет күніне иман келтірсе, тек жақсы сөз айтсын немесе үндемесін». Сондай-ақ, тілімізге ие болуымызды бұйырған, себебі аузымыздан шыққан сөздеріміз бізді не Жұмаққа, не Тозаққа апарары сөзсіз.

asyldin.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: