Бас мүфти Еуропа елдерінің дінбасыларын қабылдады

Бас мүфти Еуропа елдерінің дінбасыларын қабылдады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы «Еуразия мұсылман ғұламаларының форумына» келген Еуропа елдерінің дінбасыларына арнайы қабылдау өткізді. Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде өткен кездесуге Украина мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфти Ахмед Тамим, Латвия «Марджани» мұсылмандар қауымдастығының төрағасы Зуфар Заинуллин, Литва мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфти Ромас Якубаускас, Румыния мүфтиі Мұрат Юсуф, Польша мұсылмандары діни кеңесінің мүшесі Якубовский Мачей Стефан, Хорватия мүфтиінің орынбасары Арслани Мевлуди қатысып, ертеңгі болатын айтулы шара алдында өзара сұхбат өткізді.

Кездесу барысында мұсылман әлемінің маңызды мәселелері қозғалып, оларды шешу жолдары мен тетіктері жайлы сөз қозғалды. Сондай-ақ, мұсылман елдері арасындағы ынтымақ пен бірлік жайы айтылып, ертеңгі болатын форумды осы бағыттағы батыл қадам деп бағалады. Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмысын оң баға беріп, форум жұмысының ойдағыдай өтуіне тілек білдірді. Дін қайраткерлерінің барлығына Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының атынан арнайы сыйлық табысталып, естелік тарту етілді.

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: