Швейцарияда мұсылмандар имамды ауруханаға шақыра алады

Швейцарияда мұсылмандар имамды ауруханаға шақыра алады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Швейцарияда ауруханаларда жатқан науқастарға діни қызметкерлердің көмегін көрсету жүйесін дамыту тұрғысынан жұмыстар жүргізілуде. Бұл жерде христиан дін қызметшісі мен мұсылман имамдары сөз  болып отыр. Әуелгіде Цюрих кантонында кез-келген христиан өкілі ауыр жағдайда клиникаға түсіп, діни қайраткердің қолдауына мұқтаж болса, мұндай мүмкіндік лезде жүзеге асып отыратын. Ал Ислам дінін ұстанатындардың мұндай мүмкіндігі болмаған, өйткені бүкіл аймаққа бір-ақ имам болатын», – дейді Мурис Бегович.

Ансар.ру ресурсының мәлімдеуінше, Цюрих билігі кантонның ислам ұйымы қауымдастығы және екі христиан шіркеуімен бірлесе отырып, науқастарға рухани қолдау көрсету желісін кеңейтуге шешім қабылдаған, яғни, енді ауыр халде немесе өлім аузында жатқан мұсылмандар имамның келуін бірнеше сағаттап күтпейтін болады.

Айта кету керек, Цюрих кантонында шамамен 100 мыңдай мұсылман тұрады. Бұрын медициналық орындарға баратын дін қызметкерлерінің жұмысын ешкім реттемейтін. 2019 жылдан бастап осы аймақта арнайы мамандандырылған 10 имам қызмет ететін болады. Олар шұғыл түрде клиникалардағы, хоспистардағы және қарттар үйлеріндегі науқастарға рухани тұрғыдан көмек көрсетіп, кеңес беретін болады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: