Топ-10 мұсылман футболшылары

Топ-10 мұсылман футболшылары

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұсылман футболшылары әлемнің әртүрлі топ-командаларында ойнайды. Сіздердің назарларыңызға ең танымал он мұсылман футболшыларын ұсынамыз.

1. Николас (Билал) Анелька

Челси командасының шабуылшысы, 2004 жылы балалық шағындағы достарымен дін туралы пікірталас жүргізген соң исламды қабылдап, өзіне Абдул-Салам Біләл мұсылман есімін алған.

2. Франк (Біләл) Рибери

 Француз ойыншысы Франк Рибери де әйелімен бірге исламды қабылдаған. Рибери өз сұхбатында былай айтқан: "Мен күніне бес мәрте құлшылық жасаймын. Құлшылық жасау арқылы менің бос болуға мүмкіндігім бар әрі құлшылықтардан соң өзімді жақсы сезінемін".

3. Зинедин Зидан

Ол француз командасының ойыншысы болған. Зинедин Зидан футбол алаңында басты рөлде болатын. Бір сұхбатында футболшы былай айтқан: «Күллі жаратылысты жаратқан Жалғыз Құдайға сенемін. Өзімнің ішкі жан-дүниемді бағалаймын».

4. Месут Озил

Германия құрамасының жартылай қорғаушысы, оны Диего деп те атайды. Ата-тегі түрік болып келетін футболшыда әртүрлі мәдениет қоспасы бар. Неміс командасының танымал ойыншысы Месут Озил — мұсылман. Әрбір матчтың алдында оның Құран оқитыны белгілі. Оның айтуынша, матчтардың алдында Қасиетті Құран сүрелерін оқу оған күш-қуат береді екен.

5. Коло (Хабиб) Туре

Арсеналдың орталық қорғаушысы Коло Туре Mimosas ASEC ойнаған. Туре — ұстанушы мұсылман.  Ол алдында да жас британ мұсылмандарға үлгі болғысы келетін тілегімен бөліскен болатын.

6. Фредерик (Омар) Кануте

Шабуылшы Севиль және Франция құрамасында ойнады. 20 жасында исламды қабылдаған. Ол құмар ойындарының жарнамасы болғандықтан Севиль футболкасын киюден бас тартқан.

7. Карим Бензема

Карим Бензема Францияда туып-өскен. Оның ата-анасы алжир-кабиль тегінен әрі олар ислам дінін ашық ұстанушылар. Қазіргі уақытта Бензема Real Madrid командасында ойнайды.

8. Самир Насри

Францияда оны «жаңа Зидан» деп айтады. Насри Франциядағы алжир отбасында туып, дәстүрлі мұсылман отбасында тәрбиеленген.

9. Әбу Диаби

Әбу Диаби командасының ең үздік орталық жартылай қорғаушыларының бірі. Әбу Диаби — мұсылман.

10.  Халид Булахруз

Халид Булахруз – голландиялық қорғаушы. Қазіргі таңда Германияның  Штутгартында ойнайды. Ол бербер тегінен. Ал берберліктер дерліктей сүннетті ұстанушы мұсылмандар, сондай-ақ, оның отбасы да.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: