Ташкентте «жол бойындағы мешіттер торабы» пайда болады

Ташкентте «жол бойындағы мешіттер торабы» пайда болады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуырда Ташкентте жол бойына орналасқан мешіттер торабы ашылады. Бұл жөнінде Өзбекстан астанасының Бас имам-хатибі  Әнуар-кори Турсунов өз уағыздарының бірінде айтқан болатын. 

Оның айтуына қарағанда, негізгі жолдардың бойында жолаушылар дәрет алып, намаз оқып алатын шағын ғибадатханалар пайда болмақ. Ташкенттің әрбір 11 ауданында осындай ғибадатхананың екеуі болады деп күтілуде. 

Бұл шешім -  «жолаушылар мен жүргізушілердің намаз оқитын жерді іздеп жүрмесі үшін» жүзеге асырылмақ.

«Ферғана» халықаралық ақпараттық агенттігі Өзбекстан мұсылмандар діни басқармасына сілтеме жасай отырып, мәлімдеуіне қарағанда қазіргі таңда Ташкентте 117 мешіт халық игілігі үшін қызмет көрсетуде, ал Республика бойынша жалпы алғандағы мешіт саны - 2043.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: