Түркияда 162 жолаушысы бар ұшақ құлама жардан теңізге құлап кетпей, аман қалған (Бейне)

Түркияда 162 жолаушысы бар ұшақ құлама жардан теңізге құлап кетпей, аман қалған (Бейне)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түркияда қонуға бет алған Boeing ұшағының жолаушылары «бақытты жандар» екен, өйткені ұшақ таңданарлық жағдайда құлама жардан теңізге құлап кетпей, аман қалған.

Hurriyet Daily News түрік ақпараттық агенттігінің мәлімдеуінше, бұл оқиға өткен демалыста орын алған.  

Анкарадан Трабзон қаласына ұшып келген Pegasus Airlines әуекомпаниясының лайнері қонуға бет алғанда ұшып-қону жолағынан шығып кеткен.  

Жан-жақты алып қарағанда, пилоттар ұшақты меңгере алмағандықтан құлама жарға тіреліп қалған ұшақ теңізге құлап кетпей қалған. Ұшақты сым арқанның көмегімен шығарып алынған. Ұшақ бортында 162 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Бәрі аман, ешкімге зақым келмеген.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: