Қиямет күнінен бір жыл бұрын Тозаққа кіретін 6 адам. Олар кімдер?

Қиямет күнінен бір жыл бұрын Тозаққа кіретін 6 адам. Олар кімдер?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әбу Хурайра (ол кісіге Алла разы болсын) Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқанын келтірген: «Қиямет күнінен бір жыл бұрын алты адам Тозаққа кіреді».  «Уа, Алла Елшісі, олар кімдер?», - деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай жауап берген: «Менен кейін билейтін, залым басшылар;  Ұлтышыл арабтар; тәкаппар болған ауыл басшылары; қиянатшы саудагерлер; табыскер надандар және күншіл ғалымдар, яғни, бұл дүние үшін бір-бірін қызғанып, күндейтін ғалымдар».

Ғалым ақиретте сый алу мақсатында білім алуы тиіс. Егер ғалым өз ілімімен ақиреттегі өміріне ұмтылар болса, онда ол ешкімді қызғанбайды әрі ешкім де оны күндемейтін болады.

Кейбір данышпандар айтқандай: «Өздеріңді бір-бірлеріңе деген қызғаныштан сақтаңдар. Негізінде, қызғаныш білдіру бірінші күнә болған: Ібіліс (оған лағынет болсын) Адам Атаның (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) күйін қызғанып, оған сәжде етуден бас тартқан, осылайша, қызғаныш күнәсіне берілген. Ол былай айтқан: «Сен мені Оттан жараттың, ал  Адамды  -топырақтан». Алла Тағала оған лағынет айтты.  Жер бетіндегі алғашқы күнә де қызғаныштан болған, Кабил бин Адам өз бауыры Хабилді қызғанғандықтан өлтірген.  

Ахнаф былай айтқан: «Қызғаншақта игілік жоқ, сараңда сенім жоқ, жалқаудың досы жоқ, өтірікшіге риуаят жоқ. Сатқында ілім жоқ, ал мінезі жаманда Пайғамбардың (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ұрпағы жоқ».

Мұхаммед бин Сирин айтқан: «Мен бұл дүниелік нәрсеге қатысты ешкімді ешқашан қызғанған емеспін, өйткені ол адам Жұмаққа кіретіндердің қатарынан болса, онда оны мәңгілік дүниемен салыстырғанда түкке тұрмайтын осы дүниеге қатысты нәрселер үшін қалай қызғанбақпын? Егер адам Тозақ отына түсетіндерден болса, оны жалындаған от күтіп тұрғанда, оны бұл фәнилік нәрсе үшін қалай қызғанбақпын?»

Хасан Басри былай айтқан: «Уа, Адамның баласы, өз бауырыңды қызғанба: егер оған берілген нәрсе Алланың рақымымен берілсе; ал егер басқаша болса, онда Тозақ отына түсушіге қызғанба».

Факих (ол кісіге Алланың рақымы болсын) айтқан: «Үш адамның дұғасы қабыл болмайды. Олар: харамды пайдаланушылар, көп өсек айтушылар және жүрегінде мұсылманға деген ашуы бар адамдар немесе қызғанушылар».

Ибн Хашиб Салимнен, ал ол өз әкесінен Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқанын келтірген: «Екі адамнан басқаларға қызғаныш танытуға болмайды: Алла Құран сыйлаған адамға әрі ол күндіз-түні соны оқумен айналысады. Сондай-ақ, Алла байлық сыйлаған адамға, ол күні-түні оны Алла жолында жұмсайды».

Факих (ол кісіге Алланың рақымы болсын) айтқан: «Бұл хадистің мақсаты келесіде: қызғаныш білдірушінің тілегі – өзінің де Құран ілімін игеруінде әрі садақа беру мүмкіндігіне ие болуында. Мұндай қызғаныш дәріптеуге тұрарлық. Ал біреуде бар нәрсенің жоқ болуын қалау – жазғыруға лайық. Әлдебір нәрсені қалайтыны туралы айту – ұнамсыз болып табылмайды.  Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтқан:

«Алланың біріңе-біріңді артық еткен нәрсесін көксемеңдер...» (4:32).

Тағы да Алла былай айтқан:

«...Алладан оның кеңшілігін сұраңдар...» (4:32).

Ендеше, мұсылманға біреуде бар нәрсені көксеуге болмайды. Алла Тағаладан соған ұқсас нәрсені беруін сұрау керек.  Әрбір мұсылман үшін өзін қызғаныштан сақтау уәжіп болып табылады, өйткені қызғанушы Алла Тағала шешіміне қарсы болғандардан.  Ал кімде-кім қызғаныш танытпаса, оның Алла Тағала шешіміне разы болғандығы».

"Танбихул ғафилин" кітабынан.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: