Жак Ив Кустоның Исламды қабылдауы

Жак Ив Кустоның Исламды қабылдауы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Францияда білім мен әртүрлі қызмет саласында танымал болған адамдар арасында Ислам діні өте тез таралуда. Қазіргі таңда христиан дінінен кетіп, Ислам дінін қабылдаған адамдар саны жүз мыңға жеткен. Париж архиепископы — француз католик шіркеуінің жоғары діни көшбасшысы бұл мәліметті ресми түрде растаған. Ислам дінін қалағандардың ішінде тек жұмысшы табының өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлер ғана емес, сондай-ақ, аса көрнекті адамдар да бар.

Танымал француз ғалымы — мұхиттанушы, теңіз және мұхит тұңғиықтарын зерттеп бастаушы, аквалангті, су асты үйін, табақша тәрізді су асты аппаратын ойлап табушы,  көптеген танымал кітаптар мен фильмдердің авторы - Жак Ив Кусто күллі әлемге танымал. Бірақ оның жасаған ғылыми зерттеулері оны Ислам дінін қабылдауға әкелгенін және ол мұсылман күйінде көз жұмғанын көбісі біле бермейді. Дүниежүзіне танымал су асты әлемін зерттеуші ғалымның Исламды таңдауы оның өміріндегі ең дұрыс шешімі болғанын айтқан.

Капитан Кусто «Тірі теңіз» телебағдарлама серияларында өзен, теңіз және мұхиттардың су асты таңғажайып әлемін ашқан. Гибралтар бұғазының ашық кеңістігіндегі суды зерттей келе, ол ғылыми тұрғыдан түсіндірілмейтін таңғажайып фактіге көзін жеткізген. Ол: бір-бірімен қосылмай жатқан судың екі қабаты болатын. Олар көзге көрінбес үлдірмен бөлінгендей әрі өзара нақты шекарасы бар сияқты. Әр қабаттағы судың өзіне тән температурасы, тұздық құрамы, жануарлар мен өсімдіктер әлемі бар. Бұл Жерорта теңізі мен Атлант мұхиты суының Гибралтар бұғазында бір-бірімен тоғысатын жері.

«1962 жылы неміс ғалымдары Аден шығанағы мен Қызыл теңіз суларының тоғысатын жері Баб-эл-Мандебеде, Қызыл теңіз бен Үнді мұхиты суының қосылмай жатқанын анықтаған. Өз әріптестеріміздің ізіне еріп, біз де Атлант мұхиты мен Жерорта теңізі суларының қосылатындығын анықтай бастадық. Біріншіден, біз Жерорта теңізінің  тұздылық деңгейін, тығыздылығын, теңізге тән тіршілік түрлерін зерттей бастадық. Тура сондай зерттеуді Атлант мұхиты суына да жүргіздік. Мыңдаған жылдар бойы осы екі су Гибралтар бұғазында кездесетіндіктен, нық түрде бұл екі су қосылып-араласып жатыр деп айтуға болар еді, тіпті болмаса, олардың тұздылығы, тығыздылығы бірдей болу керек болатын. Бірақ тіпті олар бір-бірлеріне тығыз тиіп жатқан жерлерінің өзінде екі су өз қасиеттерін сақтап қалған. Басқа сөзбен айтқанда, екі судың қосылар жеріндегі су пердесі олардың қосылуына мүмкіндік бермейді», - деп әңгімелеп берген Жак-Ив Кусто.

Ғалым дәл осы көріністің куәгері болғанда, есінен танып қала жаздаған екен. «Физика мен химия заңдарымен түсіндірілмейтін осынау таңғажайып құбылыстың арқасында мен даңққа бөлендім», - деп жазған Кусто. Алайда бұл құбылыстың 1400 жыл бұрын Құранға жазылып қойғандығы анықталғанда оның таңғалуы мен тәнті болуында шек болмайды. Ол бұл жөнінде Ислам дінін қабылдаған француз докторы Морис Букейден біледі. «Мен оған өзімнің ашқан құбылысымды айтқан кезде, ол маған мұның 1400 жыл бұрын Қасиетті Құранда айтылғандығын жеткізген. Мен үшін бұл төбемнен жай түскендей әсер етті. Мен Құранның аудармасын оқығанымда, расында, солай болды да. Сол кезде мен  былай айтқан едім: «Заманауи ғылымды 1400 жылға басып озған бұл Құран адам баласының сөзі еместігіне ант етемін.  Бұл Алла Тағаланың ақиқат сөзі. Осыдан кейін мен Ислам дінін қабылдадым әрі әр күні бұл діннің шынайылығына, әділдігіне, жеңілдігіне және пайдалылығына тәнті болдым. Менің көзімді ақиқатқа ашқан Аллаға мен шексіз разымын».

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: