Қосулы қалған үтікті енді сыртта жүріп сөндіруге болады (видео)

Қосулы қалған үтікті енді сыртта жүріп сөндіруге болады (видео)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұндай мүмкіндік жасайтын тың технологияны отандық IT мамандары ойлап тапты, деп хабарлайды khabar.kz. 

Ол «NB-IoT» деп аталады. Пилоттық жоба енді ғана жұртшылыққа таныстырылды. «Ақылды үй» жүйесіндегі газ, су, электр энергияның тұтынған көлемін қарапайым ұялы телефон арқылы көруге болады. Бастысы интернетке шығу мүмкіншілігіңіз болуы қажет.

- Қазіргі таңда біз 6 қондырғы ойлап таптық. Олар үйде орналасқан есептеуіш құрылғылардың жанына қойылады. 6 жылға дейін бір батареямен жұмыс істей алады. Олар есептеуіш құралдағы барлық көрсеткішті бірыңғай базаға жинақтайды. Оны ұялы телефонға арнайы қосымша жүктеп көруге болады, - дейді жоба құрастырушы компанияның бас директоры Таир Балбаев.


«Уа, Мұхаммед! «Раббым, білімімді арттыра гөр!» - деп айт» (Таһа 11).
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: