Әлемдегі ең керемет су көлігі жүруге арналған көпірлер (фото)

Әлемдегі ең керемет су көлігі жүруге арналған көпірлер (фото)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Транспорт жүруге арналған су толтырылған көпірлер 17 ғасырға дейін қаланы су шаюдан, өзендегі су арнасынан тасуынан сақтау мақсатында қолданылған. Кейінірек, су толтырылған көпірдің өзі адамдардың межелі жерге ертерек жетуіне пайдаланыла бастады.

Назарларыңызға әлемдегі ең ірі су толтырылған көпір жолды ұсынамыз. Олардың кейбіріне қарап отырып қолдан салынған сурет деп қалуыңыз әбден мүмкін. Себебі , оның әдемілігі мен ерекшелігі, таңғажайыптығы көз сүріндіреді. Біра, бұл суреттер өмірде бар, әрі адамзат игілігіне пайдаланылып жатыр.

Ең танымал сукөпір Германияның Магдебургінде. Бұл әлемдегі ең үлкен су жолы. Ұзындығы 918 метр.

2003 жылы пайдалануға берілген. Ол Эльбе-Хафель мен Миттелланд каналын біріктіріп, Эльбу өзенін жоғарыдан кесіп өтеді.

 

Акведук Понткисиллте Ұлыбританияның Врексхеме  қаласында 1795-1805 жылдар аралығында тұрғызылған. Ол Эллесмер каналы мен Ди өзенін байланыстыру мақсатында құрылған.

Тағыбір  акведук Ұлыбританияның Бартоне қаласындағы Ирвелл  өзенінде  орналасқан.Ол Бриджуотер мен Манчестер  арығын байланыстырады.

Қос жолақты су толтырылған көпір болғандықтан кеңсужолын ашу мүмкіндігі де бар. Яғни ірі транспорт келген кезде көпір ашылып, оны өткізіп жіберу мүмкіндігі бар.


Қасиеттi Құран Кәрiмде: «Ол сондай Алла, әр нәрсенiң жара­ты­лысын көрiктi етiп әсемдедi», – дейдi (Сәжде сүресi, 7-аят).

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: