ОЛИМПИАДАДАН АЛҒАН АЛТЫНЫН ЗІЛЗАЛАДАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР ҮШІН САТУҒА ШЫҒАРДЫ

ОЛИМПИАДАДАН АЛҒАН АЛТЫНЫН ЗІЛЗАЛАДАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР ҮШІН САТУҒА ШЫҒАРДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы, ирандық спортшы Киануш Ростами 2016 жылы Бразилия жерінде жеңіп алған алтын медалін зілзаладан зардап шеккен отандастарына көмек көрсету үшін сататынын мәлімдеді.

Қарашаның 12-жұлдызында Иран болған жер сілкінісі 550-ге жуық жан қаза тапқан болатын. Он мыңдаған жан баспанасынан айырылып, түрлі дәрежедегі дене жарақатын алған еді.

«Жер сілкінісінен зардап шеккен отандастарыма қандай да бір көмек көрсетуді өзімнің парызым санаймын. Менің жеңістерімнің барлығы да халқымдікі. Сондықтан да мен алтын медалімді сатып, түскен қаржыны түгелдей зілзала құрбандарына көмек көрсетуге аударамын», – дейді 26 жастағы Олимпиада чемпионы.

Muslim.kz


Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыз: «Қайсыбір мұсылман өзінің бауырына көмектессе, Алла оған көмектеседі» деген. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: