Ата-ананың қадірін тірісінде біліңіз!.. (ВИДЕО)

Ата-ананың қадірін тірісінде біліңіз!.. (ВИДЕО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Біз адамзатты ата-аналарына жақсылық жасауға бұйырдық. Анасы қиналып жүріп құрсағында көтереді, қиналып туады. Құрсақ көтеру, емшек емізіп бағу мерзімі отыз ай. Ол кәмелетке толып, қырық жасқа жеткен шағында:

«Тәңірім! Өзің маған және ата-анама берген нығметтеріңе шүкір етуім үшін, Сен риза болатындай ізгі амалдарды жасауым үшін маған медет бер. Менің ұрпағымды да ізгілерден ете гөр. Мен саған шындап тәубе еттім. Мен шынайы мұсылманмын». («Ахқаф» сүресі, 15-аят).

Дүниеде адамға ең қымбат жан – ана мен әке. Бұл қымбатты жандарды Алла тағаланың өзі жоғарыдағы аятта дәріптеген. Алла дәріптеген пенденің мәртебесі ешнәрсемен өлшенбейді. Өкінішке орай, күнделікті өмірімізде жастардың ата-анасына көңіліне келеp қатты сөздеp айтып, тіпті оларға қол көтеруге дейін барып ренжітіп жатқандығы жиілеген құбылысқа айналуда.

Ата-анасын сыйлап, құрметтемеген адам өз перзентіне не тәрбие бермек. Ата-анасына не істесе де күндердің күнінде алдынан шығатыны хақ.   Пайғамбарымыздың хадис шәрифінде: «Бір адам анасын арқасына арқалап көтеріп жүріп, Қағбаны тәуап етіп болып, Расулалладан сұрапты: «Анамды арқалап, көтеріп жүріп қажылық жасаттым. Қасиетті Қағбаны жеті айналдырып тәу еттірдім, енді айтыңызшы, ана ақысын өтедім бе?», – депті.

Сонда Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Жоқ, бұл қызметің анаңның саған жүктілік уақытында қиналған бір сәтіне де тең емес», - деп жауап берген еді. 

asyldin.kz


Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ата - аналарыңа мейірімді болыңдар, сонда перзенттеріңнен мейір көресіңдер», – деген.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: