Тоқал іздейтін мобильді қосымша мұсылмандарға ұнамай қалды.

Тоқал іздейтін мобильді қосымша мұсылмандарға ұнамай қалды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Индонезиияда екінші әйелдікке баратын әйелдер мен тоқал алғысы келетін ер-азаматтар үшін iOS және Android мобилді қосымшалары іске қосылған болатын.

AyoPoligami сервисі тоқал аламын дегендер мен екінші әйел болғысы келетіндердің танысып-білісуіне көмектеседі. Алайда қосымшаны пайдаланушы  алғашқы кезеңде қарсы жақтың ұлты мен дініне, біліміне қатысты деректерді ғана біле алады, ал суреті мен аты-жөні жасырын болып қала беретін. Айта кететін жайт, аталған елде тоқал алуға мемлекеттік деңгейде рұқсат берілген. Дегенмен, оның өзіндік шарттары бар.

Атап айтқанда, тоқал алғысы келетін ер-азамат бәйбішесінің рұқсатын және соттың ресми рұқсатын алуы тиіс. Десе де аталған қосымша пайдаланушы мұсылмандардың көңілінен шықпай отыр. Қосамшаны 10 мыңнан аса адам жүктеген екен. Алайда, ер-азаматтардың  әйелді заңсыз жолмен іздегені белгілі болған. Яғни, әйелі мен соттың шешімінсіз іздеген.

Сол себепті енді осы сервисті ұсынушылар қосымшаға қатаң ереже мен шарттар жасап шығаруға уәде беріп отыр. Қосымшаны пайдаланушы ендігі жерде индентификациялық картасын, отбасы туралы мағлұматты және бәйбішесінің жазбаша рұқсатынсыз сервис қызметін пайдалана алмайтын болады. 

asyldin.kz


Алла Тағала «Ниса» сүресінде: «Егер әйелдер арасында әділдік жасай алмаймын деп қорықсаңдар онда біреуі жеткілікті...» деген.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: