МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жамбыл ауданы Тастөбе ауылы «Тастөбе» мешітінің имамы Абитов Музафардың бастамасымен  қасиетті Рамазан айының құрметіне «қолдан қолға» қайырымдылық науқаны аясында қайырымдылық көмек ұйымдастырылды. Аталмыш науқан барысында, жиырма отбасына ұн қапшықтары үлестірілді.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылдық «Қасымбай ата» мешіті мен Қорағаты ауылдық мешіттерінің тарауих намаздарында Рамазан айының құрметіне құран хатым түсірілді. Құран түскен айда Құран Кәрімді толықтай Сабулла Дәулет пен Сандибеков Азиз 15 күнде оқып шығып, хатым жасады.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

            Тұрар Рысқұлов ауданы Әбжаппар ауылы «Әбдіжаппар» мешітінің имамы Киікбаев Ғалымжанның ұйымдастыруымен «Өмірге үміт сыйла» атты қайырымдылық акциясы жүзеге асырылды. Қайырымдылық ауылдағы 5 тұрмысы төмен, көпбалалы ананың отбасыларына көмек ретінде берілді.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Орамал қай заманда да, қай уақытта да, қай елде де өте үлкен құрмет пен қасиетке ие болған. Және ол кез келген қыз-келіншектің көрігіне көрік, әдемілігіне сән қосатын ерекше әшекей. Біз әдетте адамгершілік пен ұяттан асқан әдемілік жоқ деп жатамыз. Ал, әйел заты үшін ең әдемі әшекей ұятын жабатын – орамал.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Ауызашар берудің сауабы мен әдебі айлардың сұлтаны Рамазан айында Алла Тағаланың пенделеріне нәсіп еткен шексіз мейірімінің бір айғағы. Бұл айда Аллаға мойынұсынған жұмыр басты пенделерге сауап жинаудың өте көп мүмкіндіктері берілген.