"Қордай" орталық мешітінде мың айдан қайырлы қадір түніне орай әйелдер жамағаты бас қосып, қадір кешін бірге құлшылықпен өткерді.
"Қордай" орталық мешітінде мың айдан қайырлы қадір түніне орай әйелдер жамағаты бас қосып, қадір кешін бірге құлшылықпен өткерді.
Аудандық "Қордай" мешітінде "Рамазан - мейірім айы" атты қоғамдық іс-шара өтті. Дін мен дәстүрді насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жиын Рамазан айында 4 топқа бөлініп ауызашар өткізумен ерекшеленді.
ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Қордай өңіріндегі ұстазы Эльмира Аманқожақызы мешіт жамағатына "Мұсылман әйелдің бейнесі" тақырыбында уағыз айтты.
ҚМДБ Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының Қордай ауданындағы ұстазы Эльмира Аманқожақызы Өтеген ауылы, "Өтеген" мешітінде, әйел-қыздар, әжелер жамағатына Рамазан айының ерекшелігі, қасиеті, қадір түні жайлы насихат айтты.
Қордай аудандық мешітінде Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен әйел-қыздар арасында мәшһүр сүрелерді жатқа оқудан қоғамдық іс-шара жасалды.
Әлем мұсылмандары Ораза айт мейрамын тойлап жатыр. Еліміздің түкпір-түкпірінде айт намазы оқылып, исі мұсылман қауымы ұлық мерекені бастап та кетті.