#Қордай: Шәкірттер арасында интеллектуалды сайыс өтті

#Қордай: Шәкірттер арасында интеллектуалды сайыс өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық "Қордай" мешітінде "Рамазан - мейірім айы" атты қоғамдық іс-шара өтті. Дін мен дәстүрді насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жиын Рамазан айында 4 топқа бөлініп ауызашар өткізумен ерекшеленді. 

Мешіт шәкірттері 4 топқа бөлініп, өзара жақсылықта жарысты. "Ризық", "Сабыр", "Тәуекел", "Кәусар" топтары кезекпе-кезек ауызашар жасап, өзге топтарды қонаққа шақырды. Шараның мақсаты - әйел-қыздарға ауыз аштыру, ысрапқа жол бермеу, дұрыс тамақтануды насихаттау, Алланы еске алып, екі дүниеге пайдалы отырыс өткізу болатын.

Сайыс нәтижесіне сай "Сабыр" тобы бас жүлдені жеңіп алды. Ал 1-орынды "Тәуекел" тобы, 2-орынды "Кәусар" тобы, 3-орынды "Ризық" тобы иеленді. Игі істе жарысқандарға алғыс хат пен сыйлықтар табысталды.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

   

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: