МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Тұрар Рысқұлов ауданы Қорағаты ауылдық «Қорағаты» мешітінің имамы Байғожаев Нұрдәулет ұлттық дәстүрді дәріптеп, көкпар ойынына арнайы барып қатысып, шабандоздарға ақ батасын беріп ойынды ашып берді. Ауылда өткен көкпарға ауылдың 30-ға жуық шабандозы қатысып, дәстүрлі ойынды дамытуға аз да болса да үлестерін қосты.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Тасаттық – құрғақшылық және қуаңшылық кезде Алла Тағаладан жаңбыр тілеу үшін атқарылатын діни рәсім. Мұны дінде «Жаңбыр сұрау дұғасы» немесе «Жаңбыр сұрау намазы» деп аталады.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Тұрар Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылдық «Қожай баба» мешітінің имамы Аубакиров Жанболаттың ұйытқы болуымен ауылдың кәсіпкер азаматы малының зекетін шығарып таратты. Ауыл имамы зекетті ақшалай 6 мұқтаж отбасына теңдей бөліп берді.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Меркі ауданы, Тәтті ауылында Асанбай Асқаров атамыздың атынан ас берілді. Осыған байланысты, атамыздың ұрпақтары атамыздың туған жері Тәтті ауылында ұлттық ойындар, аламан бәйге, көкпар және т.б. ұйымдастырды.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Меркі аудандық «Меркі ата» орталық мешіті және ауданға қарасты Т.Рысқұлов пен Талдыбұлық ауылы имамдарының ұйытқы болуымен 14 мұқтаж отбасыға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік пен қаржылай қамтамасыз ету мақсатында қайырымдылық ұйымдастырылды.