МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

"Кеңесхан қажы" мешітінің ұстаздары мен шәкірттерінің ұйытқы болуымен табиғат аясында демалыс ұйымдастырылды. Шараға 200-ге жуық қыз-келіншектер, апалар жиналып, бас қосу "Жасөркен" демалыс орталығында жоғары деңгейде өтті. 

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Шу ауданы "Аманкелді" мешітінде 10 жыл бұрын мектеп бітірген азаматтардың демеушілігімен 5 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді.  Азық-түлік түрінде көрсетілген жәрдем үшін 130 000 теңге жұмсалды.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Шу ауданы "Жиенбет Жексенбай" мешітіне қарасты Еңбек бөлімшесінің халқы мешіт соғуды ниет етті. Аталған мешіттің имамы Шүкірәлі Бердібеков осы хайырлы істің басында болып, қазығын қағып, Алладан жәрдем, ынтымақ, береке тілеп, дұға жасады.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Ауыл тұрғындарының демеушілігімен ауылдық мешіттің асханасына  бөлме салқындатқыш орнатылды. Құны 930 000 теңге тұратын бұйымды Алла үйінің қамын ойлаған ауылдықтар бірлесіп алып берді. 

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Бір жерге жаңбыр жаумай қуаңшылық болған кезде жауын дұғасы жасалады. Кейбір елде халық Раббысына көңіл бөлмей, зор күнәға батқандықтан, Алла сол елді сынау үшін, кей кезде, ол жерлерді қуаңшылыққа айналдырады. Құранда Хазіреті Нұх, Хазреті Мұса секілді пайғамбарлардың халқы үшін жауын сұрап, дұға еткендері жайлы сөз етіледі.