НАСИХАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

 Құрметті жамағат!

Өкінішке қарай, биыл да қасиетті Рамазан айын пандемия жағдайында өткізгелі отырмыз. Жұқпалы дертті оқшаулану, сақтану арқылы ғана жеңуге болатынын анық аңғардық. Осы ретте сіздерді ауызашар кезінде, құлшылық сәттерінде санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырамын.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Қадірлі бауырлар!

   Баршамызды оразаға аман-есен жеткізген құдіреті шексіз Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтау-мадақтар болсын!   Сіздерді күллі мұсылман қауымы асыға күткен қасиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Әр шаңыраққа шаттық пен бақыт, бірлік пен береке тілеймін!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Дінімізде мисуак қолдану сүннет амалына жатады. Мисуак – «әрак» (Salvadora persica) атты ағаштың майда бұтақтары не тамыры. Хош иісті бұл ағаштың түрі негізінен Араб түбегі, Батыс және Оңтүстік Азия, Африка аймағында өседі.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Адам баласы ішіп-жеп тәнін тамақтандырғаны сияқты, рухына да азық беруі тиіс. Руханиятымызды толықтырмасақ, адам баз кешіп, мына өмірдің мәнін түсінбей, бір кем дүниемен көңілі көншімей жүре бермек. 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Қазіргі таңда қабірлерді зиярат ету үшін жолға шығу дінімізде жоқ, жаңа енгізілім деген сөздерді көптеп естіп жатамыз. Негізінде, бұл жаңа енгізілім болып табылмайды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Алланың елшісі Мұхаммед пайғамбар (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ұлық айды ерекше бағалап, үмбетіне үлгі қалдырған. Имам Ахмад жеткізген риуаятта Пайғамбар (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ражаб айы кірген уақытта: «Уа, Алла! Бізге ражаб пен шағбанның берекесін бер! Рамазанға аман-сау жеткізе көр!» – деп тілек тілеген екен. Ендеше, сол үмбеттің жалғасы болып табылатын кейінгі ұрпақ біз де ұлы Рахманнан ұлық рамазан айының берекесін тілейміз. Мейірім маусымының исі мұсылманға игілікті болуын тілеп Жаратқанға жалбарына дұға етеміз.