Қабірлерді зиярат ету. Бұл – сүннет пе?

Қабірлерді зиярат ету. Бұл – сүннет пе?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазіргі таңда қабірлерді зиярат ету үшін жолға шығу дінімізде жоқ, жаңа енгізілім деген сөздерді көптеп естіп жатамыз. Негізінде, бұл жаңа енгізілім болып табылмайды. Зират басына баруға болмайды, ол жаңа енгізілім деген ұстанымды қолдаушылар осы сөздеріне дәлел ретінде мына бір хадисті келтіріп жүреді: «Мекке, Медине және Иерусалимде орналасқан үш мешіттен басқа мешіттерді зиярат ету үшін жолға шығуға болмайды». Бұл хадисте Пайғамбарымыз (ﷺ) қабірлерді зиярат етуден тыйып отырған жоқ қой, бұл жерде мешіт айтылып отыр.

Біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ﷺ) тұрғылықты жерде құлшылық етуге мүмкіндік беретін мешіт бола тұра, басқа қалаға немесе басқа елдегі мешіттерге құлшылық жасау үшін жолға шығуға болмайтындығын айтқан, өйткені барлық мешітте жасалған құлшылық үшін берілетін сый бірдей әрі басқа мешіттерге бару үшін кеткен уақыт, қаражат , күш – бәрі де артық шығын болып табылады.

Алайда жоғарыда айтылған қалаларда орналасқан мешіттерде жасалған құлшылық ерекше, өйткені мұнда жасалған құлшылықтар үшін берілетін сый көп есеге артатын болады, бірақ бұл жерде қабір туралы мүлде сөз жоқ.

Қабірлерді зиярат ету сүннет, сондай-ақ, қабірлерді зиярат ету үшін жолға шығу да сүннет болып табылады. Ал сый дәрежесі – кім-қалай зиярат етті, сондай-ақ, зиярат етушінің ниетінің шынайылығына байланысты болады.

Қабірді зиярат етуге рұқсат екендігін растайтын дәлелдер өте көп:

1) Зиярат ету – сүннет;

2) Имам Ахмад Алла Елшісі (ﷺ) Мұғазды (р.а.) Йеменге шығарып салып тұрып былай айтқандығын келтірген: «Бәлкім, сен менің мешітіме және қабіріме барып қайтарсың».

3) Ибн ‘Асакир мен имам Мәлик былай келтірген: «Сахаба Біләл (р.а.) Шамнан қайтып келе жатып, Алла Елшісінің (ﷺ) қабірін зиярат етіп қайтқан».

4) Хаким Әли-асхабаның (р.а. )былай айтқанын келтірген: «Пайғамбарымыздың (ﷺ) қызы Фатима әр жұма сайын Ұхуд тауына барып, шейіт болған Хамзаның (р.а.) қабірін зиярат етіп тұратын»;

5) Пайғамбарымыздың (ﷺ) бірде-бір сахабасы, табиғиндер, имамдар және нағыз дін мамандарының ізбасарларының бірде-біреуі қабірді зиярат етуге тыйым салынған деп айтпаған, керісінше, бәрі бұл қалаулы амалдың жасалып тұруын растаған.

Тек Пайғамбарымыздың (ﷺ) заманынан жеті ғасыр өткен соң ғана Ибн Таймия қабірді зиярат етуге тыйым салынған деп айта бастаған. Және де қазіргі таңда арамызда оның адастырушы пікірлеріне ілесіп алып, қабірлерді зиярат етуге тыйым салынған деп жалған сөздерді таратушы білімсіздер де аз емес, сол себепті мұсылмандар мұндай адамдар мен олардың сөздерінен бойларын аулақ ұстап, сақтанып жүргендері дұрыс.

Әрине, жақын туысқанынсыз қыз-келіншектердің зиярат ету үшін алыс жолға шығуына болмайды.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: