НАСИХАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

— Егер әйел ері туралы жаман ойласа, оны сыйламаса, одан ойша алыстайды. Еріне күш-қуат сыйламайтын болады. Ерінің жолы жабылып, бастаған ісінен береке кетеді. Ол түрлі ішімдікке әуестеніп, әйел оның сыйлауға лайық еместігіне көз жеткізе түседі. Тұйық шеңбер. Ер адам мұндай жағдайды өзгертуге қауқарсыз.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Салих ұл әкеге пайда береді, ал салихалы әкенің амалы перзенттеріне пайда береді. Неге дейсіз бе? Алла құранда "Кәһф" сүресінде екі жетім бала туралы айтқанда: "ол екі жетім баланың әкесі салихалы еді" - деуінің хикмет сыры мына нәрседе екен.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Соңғы кездері әлеуметтік желіде баласын ұрып-соққан, ұл мен қыздың көз жасын көлдей етіп әкесінен айырған оқиғалар жиі жарияланып кетті. Көрудің өзі қорқынышты. Жүрегің ауырады. Бұл – бала психологиясына жасалған үлкен соққы. Қаншама адам Құдайдан перзент сұрап, дұға етуде. Ал Алланың берген нығметіне шүкір етпей, оны қатыгездікпен ұрып-соғуды шүкірі аз адамның әрекеті деп айтар едім. 

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Ислам бізге құлшылықты ғана үйретіп қоймай, күнделікті тұрмыс тіршіліктегі әрекетімізді, ішіп-жеуге қатысты әдебімізді де кемеліне жеткізе үйретті. «Ас – адамның арқауы» демекші, өмір сүру үшін адам ішіп-жеуге тәуелді. Онсыз мүмкін емес. Алайда солай екен деп мұсылман адам алдына келгенді, қолына түскенді жей салуға болмайды.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Алла Тағала адамдарды тура жолға бастау үшін жер жүзіне Пайғамбарларды жіберді. Бұның басты себебі, Алла Тағаланың Өз құлдарына болған рақымы екен. Алла Тағаланың жіберген барша Пайғамбарларына иман келтіру - парыз.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Ең алдымен, мәуліттің мереке екенін шынайы түрде сезініп, қуана атап өту керек. Өйткені, тұтас әлемге шамшырақ болып келген әзиз пайғамбар (с.ғ.с.) дүниеге келгенде өмірінің соңғы сәтіне дейін мұсылмандардың дұшпаны болып өткен, тіпті тозақта мәңгі қалатыны Құран Кәрімде бүтін бір сүреде айтылып кеткен Мұхаммедтің (с.ғ.с.) көкесі Әбу Ләһәбтің (әуелгі аты Абдулузза) өзі қатты қуанған. «Абдулла бауырымның ізбасары дүниеге келді» деп шаттанғаны соншалық, сүйінші жаңалықты күңінен естіген сәтте оған бостандық берген.