Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерей тойына орай "Ел үлесі пәтерге" жобасы аясында Тараз қаласында жалғызбасты 4 баланың анасына тұрғын үй кілті табысталды. Бүгінде үйлі болып, қуанышы қойнына сыймай шын алғысын айтып, ағынан жарылған Айна Жайткенова 4 баланы жалғыз өзі жеткізіп отыр. Жолдасы дүниеден өткен, өздері қайын ағасының үйінде 1 бөлмесінде тұратын. Келіншек "Жасыл ел - Тараз" қызметкері болып жұмыс жасаған, алайда екі бүйрегі ауырып, жұмысқа жарамсыз болып қалыпты. Айта кетейік, осындай қиын жағдайы бола тұра осы уақытқа дейін өкіметтен көмек алып көрмеген, сынақ келіп сай-сүйегін сырқыратса да мұқтажбын деп алақанын жаймаған қайсар анаға сыйға тартылған үй қаланың орталық бөлігі саналған 2-ші мөлтек ауданында орналасқан 2 бөлмелі пәтер. Жанында мектеп, сауда орталығы, базар сынды нысандар орналасқан.
- Видео
- ҚАРАЛДЫ: 43843
Ел үлесі пәтерге
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.