Мұсылман әлемінде, оның ішінде Араб елдеріне бүгінгі таңда және діни еңбектерде «һижра» деген сөз жиі кездеседі белгілі. Һижра – арабша «көшу» дегенді білдіреді. Ал негізгі түсінктемесі «елінен ауу, туған жерден көтеріле көшу» деген сөз. Оның бір ұшы Пайғамбарымыздың Мекке қалаласынан Мәдина қаласына қоныс аудару тарихымен тығыз байланста екені тарихи еңбектерде баяндалған.
Ислами жыл санауы «қамари» ай күнтізбесі бойынша Мүхаррам айынан кейін екінші айы Сафар айы болып келеді.
Сафар сөзінің шығу тарихы
«Сафар» сөзі «Суфрун» сөзінен шыққан өз тілімізге аударғанда «сары, сарғаю» деген мағыналарды білдіреді. Сафар айына о баста ат қою кезінде күзгі мезгілге тура келгендіктен атау солай берілген. Мысалы мұсылманша жыл басы Мұхаррам айы, оның мағынасы «тиылу», «барша жаман нәрселерден сақтану» деген болса, Рамазан сөзі – «ыстық , күйдіру» дегенді білдіреді.
Шарғиат бойынша мағынасы күнәларды күйдіруші, өшіруші деген. Өйткені бұл уақыттарда араб елдерінде жазғы маусым болғандықтан күн көзі өсімдіктерді күйдіріп жібереді екен. Сол секілді, Сафар айының басқа айлардан ешқандай ерекшелегі жоқ. Өзге айларда оқылатын дұғалар мен ғибадаттармызды бұл айда да дәл сол қалпында орындалады. Аллаһ тағала қабыл етеді. Инша Аллаһ.
Сафар айында той жасауға балады
Қазіргі танда, ел арасында осы сапар айында үйленуге, неке қиюға және той жасауға, жол сапарға шығуға болмайды деп жүргендер кездеседі. Мұның барлығыда дінімізде жоқ нәрселер болып саналады. Осы орайда айта кететін мәселе, сафар айы келді деп той жасамау немесе неке қидырмау яки болмаса жол сапарға шықпау, осындай ниеттеріміз үшін Аллаһ тағаланың алдында үлкен күнәһар болады. Біз Аллаһ тағаланың жазған тағдырына сеніп иман келтіреміз. Жақсылық пен жамандық бір Аллаһ тағаланың құзырындағы нәрсе екендігін естен шығармауымыз қажет.
Пайғамбарымыздың хадисінен
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) хадисінде: «Сафар айында ешқандай ырым жоқ. Байғұздың шақыруында да ешқандай ырым жоқ» деді. Қазақта бір мақал бар: «салт-дәстүрдің озығы мен тозығы бар» демекші, жоғарыда айтылып өткен ырымдар дәстүрдің тозығы болып саналады. Сондықтан да, бұл айда барлық жақсылықтар, той мерекелердің жасалуына ешқандай тиым салынбаған, яғни басқа айлар сияқты бұл айда да жасай береміз.
Бұл жерде бір нәрсені түсініп алу қажет. Тиым деген ол – ішімдік ішпеу, харам етілген ас-суды ішіп-жеуден сақтану деген. Бүгінгі таңда, еліміздің барлық аумақтарында той-мерекелер ұлттық нақышта, халал түрінде өткізіліп келеді. Осындай игі бастамаларды жаңғыртуымыз керек.
Пайғамбарымыз Мұхаммед саллаллаһу алайхи уасаллам былай деген: «Барлық айлар Аллаһ тағаланың айы, барлық күндер де Аллаһ тағаланың күні» деген болатын. Сол секілді, дінімізде жылдың барлық айлары, аптаның барлық күндері қасиетті болып есептеледі. Аллаһ тағаланың жаратқан күндерін бөліп қарап, алалау күнә.
Нәфіл оразаның ниеті
Сафар айы кіруімен айдың басында, ортасында және соңында үш күн нәфіл ораза тұтылады. Бір күн нәфіл ораза тұтуға да болады. Бұл жөнінде хадисте: «Ай сайын үш күн ораза ұстау-жыл бойы ораза ұстағанмен тең болады.» (Имам Бухари мен Имам Муслим)
Нәфіл ораза тұтатын кезде немесе нәфіл намаз оқудан алдын ниет етіледі. Ниеті: «Ниет еттім сапар айында нәфіл ораза тұтуға Аллаһ тағала разылығы үшін деп, немесе ниет еттім Аллаһ ризалығы үшін нәфіл намаз оқымаққа»- деп ниет етеміз. Бұл нәфіл ораза пайғамбарымызщдың сүннетіне сәйкес келеді.
Нәфіл намаз оқудың артықшылығы
Және де бұл айда екі ракат нәфіл намаз оқылады. Намаздың бірінші ракатында да Фатиха сүресінен соң 11-рет Қадыр сүресі, екінші ракатында 11-рет Ықылас сүресі оқылады. Немесе намазхан бауырларымыз кезкелген, жаттаған сүрелерін қосымша етіп оқуларына болады. Және намазда сәлемнен кейін 11-рет истиғфар дұғасы және Пайғамбарымызға салауаттар оқылады. Және өзге де ғибадаттар мен қатар, Құран-Кәрімді толық қатым етіп оқып шығу үлкен сауап амал.
Сафар айында мына дұға оқылады: «Аллаһым, Сафар айы кіруімен бізге қуаныш нәсіп ет. Ол айда жақсылық пен жеңіспен шығуды нәсіп еткейсің»
Бұл айда баршамыз болып жақсылықтар жасауға асығуымыз қажет. Мысалы ретінде ел арасында араздасып қалған мұсылман бауырларымызды бірлікке, ынтымаққа шақырып, татуластыру үлкен сауап. Немесе ауырып жатқан науқастанған бауырларымыздың үйлеріне зиярат етіп олардың қал-жағдайларын білу немесе ата-ана, ағайын-туысқандарымызбен тату тұру және ел ішінде жағдайы төмен отбасыларына қол ұшын беріп, қайырымдылық жасау дініміздегі ең сүйікті амалдардың бірі.
Сондықтан да, баршамыздың қасиетті мүбарак Сафар айында жасаған ізгі істерімізді, той мерекелерімізді, ғибадат дұға-тілектерімізді Аллаһ тағала қабыл етсін, Әмин!
Мұхамеджан Естеміров,
ҚМДБ-нын ОҚО бойынша өкіл имамының орынбасары, магистр.