Көптеген қоғамтанушылар М.Хантингтонның «Өркениет-тер қақтығысы» теориясына бір жақты айтылған деп қарсы шыққанмен, мәдениеттерді бір-бірімен мүйіздестірмеудің нақты шешімін әлі таппай келеді. Құндылықтар туралы анық-тамалар әртүрлі болғандықтан, әр мәдениеттің өкілдері бір-біріне шекеден қарауды үдетпесе, кеміткен емес. Бүгінгі күні дүниетанымдық өзгешеліктердің бір ұлтты шілдің боғындай шашыратып, біртұтастығынан біржолата айырып жіберетіндігі дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомаға айналды. Үшінші мыңжылдықта әртүрлі мәдени экспанцияға ұшыраған Қазақ ұлтының басына осындай бөлшектену қаупі үйіріліп отыр. Тым тереңге кетпей-ақ, осы күн-дері өтіп жатқан ұлтымыздың ұлы мерекесі – Наурыз жөнінде айтылып жүрген түрлі пікірлерді талдасақ, осыған нақты көз жеткізе аламыз.
Көшпенді Қазақ өркениетінің ұлы нышандарының бірі ұлыстың ұлы күні болған Наурыз мерекесі екендігі даусыз. Алайда, соңғы жылдары Наурыз мерекесі жөнінде кейбір фундаментальді түсініктегі (уахапшылдар, хизбутшылдар, дағуатшылдар, тәкфіршілдер) діни оқымыстылар ел ішінде жағымсыз пікір қалыптастырып отыр. Олардың пікірінше Наурыз мерекесі бүгінгі күнге үзіліп-талып жеткен көне зороастаризм сенімі-нің сарқыншағы. Зороастаризм – бұзылған сенім болғандықтан, бұл сенімнің ритуалдары да «бидғат», яғни, хақ сенім – исламға қайшы.
«Наурыз» сөзі – зороастаризм сенімінің отаны болған парсы жұртының тілі бойынша «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Зороастаризм сенімі бойынша жақсылықтар жарықтан, жамандық атаулы қараңғылықтан бастау алады. Наурыз мерекесін осы айдың 22-сі күні тойлауы-ның себебі, жамандықтың бастауы түнгі қараңғылықтың жіңішкеріп, күндізгі жарықтың ұзаратындығы, зороастаризмдегі жарықты ізгіліктің бастауы ретін-де бағалайтын сеніммен үйлесім тапқан.
Зороастаризм сенімінде отқа ерекше құрмет көрсетіледі. Өйткені, от – жарықтың көзі. Ертеде ата-бабаларымыз Наурыз-дың 21-ші күні түнде отты алаулатып жағып, жаңа жылды қарсы алатын болған. Әлі күнге дейін парсы тектес ұлыстар Наурыз мерекесінде отты маз-датып жағып, үстінен секіріп, өздерін пәле-жаладан тазартып жатады. Ал, қазір ұлтымыздың Наурыз мерекесінде отты алау-латып жағуды үрдістен үзген себебі, отқа табыну ислам сенімі бойынша Ұлы Жаратушыға серік қосушылық саналады. Дегенмен, дәстүрге берік ауылды жерлерде әлі де от ананы шақырып «алас, алас» деп, жын-шайтанды қуу, шаңырақ көтеріліп, жаңа түскен келінді босағадан оң аяғымен аттату кезінде отқа май тамызу секілді салттар сақталған. Зороастаризм сенімінің мұндай сарқыншақтарының мәдениеті-мізге сіңісті болып кеткендігін әдет-ғұрыптарымызға жіті назар аударғанда ғана бажайлай ала-мыз. Тегінде, қазір, қазақтар отқа май тамызғанда, отқа табынып жатырмын деп ойлаймайды, тек салтты орындаумен ата-бабаның ризашылығын алуды көздейді.
Белгілі ғалым, әдебиеттанушы М.Мырзахметовтың пікірінше, Наурыз мерекесін көшпелі түркі жұрты зороастаризм сенімінен бұрын тойлайтын болған. Оған дәлел ретінде көне «Афрасиаб» жырын мысалға келтіреді. «Афрасиаб» жырында көшпелілер көктем шыға ұлыстың ұлы күнін тойлаған. Ал, «наурыз» – Иран мәдениетінен Тұран мәдениетіне сіңіскен термин. Яғни, көшпелі түркі жұртының ұлыстың күнін тойлауы «наурыз» терминімен бекітілгенмен, мазмұн тұрғы-сынан алып қарағанда, ұлыстың ұлы күнін тойлау – ежелден түркі жұртында бар дәстүр. Мәселен, еліміздің батыс өңірінде күні бүгінге дейін жалғасын тауып келе жатқан «Көрісу» деген дәстүр бар. «Көрісу» дәстүрі Наурыздың 14-не тойланады.
Бұл дәстүр бойынша қыстың көзі қырауда, шаруаның жайымен жүріп қалған ағайын көктем шығып малдың аузы көкке тиіп, алды-арты кеңейгеннен кейін амандық-сау-лық сұрасып, бір-біріне сәлемдесе барады. Наурызтанушылардың зерттеуінше, Омар Хаям астроно-миялық зерттеулер арқылы күн мен түннің теңесуін дәл тауып, жаңа жыл мерекесін Наурыздың 22-не ауыстырғанға дейін, Наурыз мерекесі айдың 14-не тойланып келген. Демек, М.Мырзахметов-тың «Наурыз мерекесі зороас-таризм сенімінен бұрын бар болатын»– деген пікірін негізге алсақ, көшпелілердің бұрынғы жаңа жыл мерекесі қазіргі «Көрі-су» дәстүрі болуы әбден мүмкін. Жас күнімізде біздің оңтүстікте Наурыз мерекесі айдың 21-не тойланатын. Біз көзімізбен көріп, куә болмағанмен, осы күні балиғатқа толып, отау көтеруге әзір болған жігіттер ұнатқан қыздарына айна, тарақ сыйласа, бойжеткен қыздар жақсы көрген жігіттеріне кесте тігіп беретін «Селт еткізер» деген салттың болғандығын үлкендерден еститінбіз. Неліктен «Селт еткізер» салты Наурыздың 21-де аталып өтетін (?) еді, - дегенге келетін болсақ, осы күні жыл басы болғандықтан, жастар бір жас қосумен болашақ жарына айна, тарақ сыйлаумен өзінің балиғатқа толып, отау құруға әзір екендіктерін тұспалдайтын болған. М.Жұмабаевтың атақты «Наурыз мерекесі» туралы мақаласында «Қазақтар Наурыз мерекесі күні бір-біріне: «Жасың құтты бол-сын!» деуші еді»,– деген дерегі, біздің бұл ойымызды жандандыра түседі. Демек, «Селт еткізер» дәстүрінің астарынан да жыл басы болған Наурыз мерекесінің іздерін көруге болады. Бұдан Наурыз мерекесінің көшпелі қазақ жұртының төл мерекесі екендігін тани аламыз. Ал, жаңа жыл атауын білдіретін «наурыз» сөзі парсы тілінен транцформацияланған. Яғни, мазмұндық тұрғыдан алып қарағанда, көшпелі түркі жұрты «наурыз» терминін қабылдағанға дейін де «Көрісу», «Селт еткізер» секілді дәстүрлер арқылы жаңа жылды мерекелеген деп топшылауға негіз бар.
Алайда, фундаментальді дін оқымыстыларының көзқарасын-ша, Наурыз мерекесі зороас-таризмнен бұрынғы көшпелі түркі жұртының жыл басы мерекесі болса да «бидғат» болып саналады. «Бидғат» – деп исламға кейін енген ережелер мен жоралғыларды айтамыз. Бірақ, ахлу сунна (сүннетті берік ұстанушылар) өкілдері «бидғат» ұғымын әлдеқашаннан бері «бидғат-ул куфр» (күпірлікке әкелетін бидғат), «бидғат-ул хасана» (жақсы бидғат) деп бөліп қарастырып келеді. «Жақсы бидғат» деп, белгілі бір ахлу сунна факиһінің (заңгер) ислам негіздеріне қайшы емес, қоғамға пайда әкелетін амалдарға рұқсат беруін айтамыз. Мәселен, қазір біздің электронды техникаларды пайдалануымыз «бидғат» сана-лады. Себебі, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) электронды техникаларды пайдаланған жоқ. Пайғамбары-мыз (с.ғ.с.) электронды техниканы пайдаланбады деп, бізде ғылыми жетістікті кәдемізге жаратпай, аузымызды құр шөппен сүртіп отыра берсек, баяғы қараңғы (жаһилиет) дәуірге қайта оралған болмаймыз ба? Сондықтан, мұ-сылман құқығында сенімге селкеу түсірмейтін қоғамдық пайдасы бар амалдарды жасаудың ешбір ағаттығы жоқ.
Ал, Наурыз мерекесін «жақсы бидғат» деп тануға бола ма (?) дегенге келетін болсақ, Ханафийа мазхабының шарттарымен Наурыз мерекесін жақсы бидғат деп тануға толық негіз бар. Себебі, атақты имам Ағзам құқықтық мектебіндегі үкім берудің жеті қайнаркөзінің бірі – «әдет-ғұрып» болып табылады. Үкім берудің «әдет-ғұрып» қағидасы бойынша, ислам жаңадан енген елдің бұрын-ғы салт-дәстүрлері ислам негізде-ріне қайшы келмей, қоғамдық қатынасты оң реттеген болса, бұл салт-дәстүрлер сақталады, әрі мұсылман құқығының үкімі ретінде қарастырылады. Бүгінгі дәстүріміздегі Наурыз мерекесінің исламға ешқандай алабөтендігі жоқ. Бұрынғы Наурыз мерекесін от жағып қарсы алушылық ритуалы үрдіс-тен әлдеқашан шығарылып тас-талған. Тіпті, Наурыз мерекесі ислам мәдениетімен толықтай үндестік табады деуге де болады. Мәселен, Наурыз мерекесінде дайындалатын «наурыз көженің» ислам мәдениетіндегі «ашура тәттісімен» мазмұны бір. Нұх (ғ.с.) кемеден қауымымен жерге түскенде дорбаның түбінде там-тұм қалған түрлі дақылдарды қазанға салып пісіріп, содан «ашу-ра тәттісін» жасаған.
Әрбір жылы мұсылмандар Ашура мерекесі күндері «ашура тәттісін» жасап, бір-бірін қонақ етеді. Қазақтар да Наурыз мерекесінде қыстан қалған дорбаның түбіндегі дән-дақылдан «наурыз көже» дайындап, бір-біріне дәм таттырады. Сонымен бірге, ата-бабаларымыз қыстан күйзеліп шыққан елдің көңілін көтеру үшін Наурыз мерекесінде көкпар беріп, бәйгеде ат шаптырып, палуандар күресін өткізіп, ән-жыр айтып, айтыс ұйымдастырып, ұлан-асыр тойда жиылған жұрт бір-біріне «ұлыс оң болсын», «ақ мол болсын», «жасың құтты болсын», «жаңа жыл жаңа табыстарға кенелтсін» деп, ізгі-тілектерін жүректен ақтара айтады. Ендеше, осындай ізгілікке құралған ұлыстың ұлы тойы Наурызды қалайша жамандыққа (бидғат-ул куфр) қиямыз?! Қазақтың исламды қабылдағанына мың жылдан астам уақыт болды. Егер, Наурызды тойлау ислам негіз-деріне қайшы болса, факиһтер Наурыз мерекесін өткізуге рұқсат бермес еді, сәбилер дүниеге келгенде қожа-молдалар құлағына «Наурызбай» деп азан шақырып, ат қоймас еді. Сондықтан, дәстүрлі исламға (ахлу сунна) сай Наурыз мерекесін дін негіздеріне қайшы емес деп, тұжырымдаймыз. Ал, фундаменталистердің салт-дәстүрді жоққа шығаратын қатып-семіп қалған көзқарастарын халқымыздың тарихи жадына түскен жарықшақ деуден басқа ештеңе айта алмайсың.
Мұсылмандық дүниетаным бойынша жыл санау «хижраға» (Мұхаммедтің (с.ғ.с.) Меккеден Мәдинаға көшуі) негізделген. «Хижра» жыл санауы айдың туып, үзілуімен өлшенеді. Яғни, ай өлшемі бойынша, бір жылда 355 күн бар. Ал, күн өлшемі бойынша бір жылды 365 күн толықтырады. Осы себептен қазір мұсылман халықтары жыл санаудың екі нұсқасын да қатар ұстанады. Мұсылмандық мерекелерді «хижра» жыл санауымен есептесе, өзге дүниеуи істерде күндік өлшемді негізге алады. Омар Хаямның жасаған күнтізбесі де Григориян күнтізбесі секілді күндік өлшемге негізделген. Осы тұрғыда, Наурыз мерекесін жыл басы деп қабылдаудың исламға еш сөкеттігі жоқ.
Сөздің түйініне келетін болсақ, фундаментальді көзқарастағы бауырларым! Наурыз мерекесі ислам негіздеріне қайшы емес. Ислам – адамзатты қайырымдылық пен ізгілікке шақырған аса бай мәдениет. Ата-бабамыз мың жылдан бері ұстанып келе жатқан Ханафийа мазхабы бойынша қоғамдық пайдасы бар, исламға қайшы емес көне үрдістер исламның үкімі деп, саналған. Наурыз – халықтың көңілін көтеріп, қуанышқа бөлеп, ізгі-тілектер айтысып, жақсылыққа үндейтін ислам негіздеріне қайшылығы жоқ халқымыздың ежелден тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз мерекесіне бір сәт өзгенің көзілдірігімен емес, өзіміздің көзімізбен қара-саң, даурығуды қойып, салт-дәс-түрдің даналығын сезінетініңе бек сенімдімін. Осыны түсініп, білуді Аллаһ тағала пешенелеріңе жазсын деп тілейміз!
Мұхан ИСАХАН,
тарихшы.