Қаза намаз
Уақытында оқылған намаз - ада деп аталды. Ал уақытында оқылмаған намаз - қаза деп аталады. Қаза болған парыз намаздары және үтір намаздарының қазасы өтеледі. Намаздың сүннеттерінің қазасы өтелмейді, тек таң намазының сүннетін парызымен қосып бесін намазының уақытына дейін қаза етіп өтеуге болады. Қаза намаздардың қазасын тыйым салынған уақыттардан басқа кез-келген уақытта өтеуге болады. Намаздарды уақытында өтемей қаза ету - дұрыс емес.
Тарауих намазы
Таруих намазы 20 рәкаттан тұратын сүннет намаз. Рамазан айында оқылады. Ораза тұта алмаған адамдар да тарауих намазын оқиды. Бұл намаз құптан және үтір намаздарының арасында оқылады. Тарауих намазын екі немес төрт рәкаттан кейін екі жаққа сәлем беріп 2 немес 4 рәкат етіп те оқуға болады.
Егер әр екі рәкат сайын екі жаққа сәлем беріп оқитын болса, екі рәкат та таң намазының сүннеті сияқты оқылады. Ал, әр төрт рәкаттан кейін сәлем беріп оқитын болса, бесін намазының сүннеті сияқты оқылады.
Науқас адамдар намаздарын қалай оқиды?
Исламда қиындық жоқ. Ақыл-есі дұрыс кісілерге басқа жерлері науқас болса да діни міндеттерден жауапты. Бірақ, дініміз бұл діни парыздарды атқару үшін оларға жеңілдік көрсеткен. Намаз оқудағы жеңілдіктер: науқас кісі әл-қуат, шама-шарқына қарай намазын оқиды. Мысалы, түрегеп тұра алмайтын, яғни, тұрған жағдайда ауруының күшеюі сияқты жағдайларда, отырып оған да күші жетпесе, ыңғайына қарай шалқайып немесе жанымен жатып оқи алады.
Намазын бір нәресеге сүйеніп түрегеп тұрып оқи алатындар сүйеніп оқиды.
Ифтитақ (ашу, бастау) тәкбірін түрегеп тұрып ала алатын болса, түрегеп тұрып алып, қалған намазын шамасына қарай отырып немесе жатып жалғастырады.
Отырып оқыған уақытта мүмкін болса аяқтарын жиған күйде, мүмкін болмаса құбыла жаққа созып оқи береді.рүкүғ және сәжде ишарат жолымен жасалады. Имарат: рүкүғда аздау, сәждеде көбірек басты ию арқылы жасалады. Ишаратпен де оқи алмайтындар көз, қас арқылы ишарат жасап оқи алмайды. Ишаратпен де оқи алмайтындар оқи алмаған намаздарының саны 5-тен аз болса, кейіннен қаза етеді. Ал, 5-тен көп болса, қазасын өтемейді. Науқас адамның алдына сәжде етуі үшін тақтай, жастық, орындық сияқты нәрселер қойылмайды.
Жолаушы намазы
Тұрғылықты жерінен ең кемдегенде 90 км немесе 18 сағат жаяу жүріп, сол жақта 15 күндей қаламын деген ниетпен жолға шыққан адам жолаушы саналады. Жолаушы барлық парыз намаздарды 2 рәкат етіп оқиды. Уақыт жетпеген жағдайда сүннет намаздарын оқымаса да болады. Егер, жолаушы сапар кезінде төрт рәкат намаздарды оқи алмаса, үйіне оралғанда қазасын екі рәкат етіп өтейді.