Намаздың 12 шарты
Намаздың парыздары - он екі. Бұлардың алтауы - сыртында, алтауы - ішінде. Бұлар намаздың шартары деп аталады.
Намаздың сыртқы 6 парызы:
1. Хадасаттан тазару;
2. Нәжістен тазару;
3. Әурет жерін жабу;
4. Құбылаға бет бұру;
5. Уақыт;
6. Ниет.
Намаздың ішкі 6 парызы:
1. Ифтитах (ашу, бастау) тәкбірі;
2. Қиям (тұру);
3. Қырағат (оқу);
4. Рүкүғ;
5. Сәжде;
6. Ақырғы отырыс.
Намаз оқудың мәкрүһ уақыттары
- Күн көкжиектен шығып, найза бойы көтерілгенге дейінгі уақыт. Бұл шамамен 40-45 минуттай уақыт.
- Күннің дәл тас төбеде тұруы. Яғни, күннің ең биікте болған кезеңі. Бұл уақыт бесін уақыты кіргенге дейін созылады.
- Күннің сарғайып батуға бет алған уақыты.
Дәретті бұзатын нәрселер
- Үлкен-кіші дәрет, қан, мәни, мәзи, уәди секілді нәжіс немес қандай бір сұйық, не қою нәрсенің шығуы;
- Мұрынна немесе дененің кез-келген жерінен қан, ірің секілді нәрселердің шығуы. Ауыздан келген қан егер түкіріктің көлеміндей немес түкіріктен көп болса, дәретті бұзады. Аз болса бұзылмайды. Дененің басқа жерінен шықан қан айналасына жайылса, дәретті бұзады.
- Жел шығу;
- Аузы толып құсу. Ауыз тола су, тамақ, қан, запыран секілді құсықтар дәретті бұзады. Қақырық түкірік секілді болғандықтан дәретті бұзбайды.
- Намазда дауыстап күлу. Бұл - жанындағы адамға естілетіндей күлу.
- Ұйықтау, ақылына нұқсан келу, талу, мас болу, ақыл есінен айыратын жағдайлар;
- Жыныстық қатынаста болу;
- Мәсілерге мәсіх етілгеннен кейін жергілікті тұрғынға бір күн, бір түннің, ал жолаушыға үш күннің өтуі немесе мәсіх етілгенне кейін сол уақыттың ішінде мәсінің біреуін болсын шешуі.
- Үзірлі адамның алған дәретінің уақытының шығуы.
- Тәйәммүм жасаған адамның суға қолы жетуі.
Намазды бұзатын жағдайлар
- Намазда сөйлеу;
- Ішіп-жеу;
- Қатарынан бірнеше іс-әрекет жасау;
- Құбыладан бұрылу;
- Намазда әурет жерінің ашылуы;
- Намаз оқыған адамның дәретінің бұзылуы;
- Дауыстап күлу;
- Талып қалу;
- Намаз ниетін ауыстыру;
- Намаздың бір парызын тастау;
- Намаз оқыған ер адамның арасында бір адам сиятындай орын болмай немесе перде, дуал, т.б. бөлінбей әйелмен бір сапта намаз оқу;
- Тәйәммүммен намаз оқыған адамның су көруі;
- Намаз бітпей жатып сәлем беру;
- Парыз, уәжіп намаздарының уақыты шыққанда;
- Мәсіге тартылған мәсіх уақытының аяқталуы.