Дәрет - Исламда кейбір ғибадаттарды іске асыру үшін әрі жеке басына өзінше ғибадат саналатын арнайы тазалану түрі. Бұл - белгілі бір мүшелерді жуу және мәсіх етуден тұрады.
Намазға дәрет алмастан бұрын таза жерге отырып, дәрет алуға ниет етіп:
1. Бисмиллахир-рахманир-рахим (Мейрімді, Рахымды Алланың атымен бастаймын) деп айту.
Қолды білекке дейін 3 рет жуу;
2. Ауызға оң қолмен 3 рет су апарып шаю
3.Мұрынға оң қолмен 3 рет су апарып, сол қолмен тазалау;
4. Бетті 3 рет жуу;
5. Бірінші оң қол, кейін сол қолды 3 рет білекке дейін жуу;
6. Бастың төрттен бір бөлігіне су қолмен мәсіх тарту;
7. Бас бармақпен құлақтың іші сыртын сулы қолмен сипау;
8.Оң аяқтан бастап саусақтарының арасын, тобықтарымен бірге үш мәрте жуады. Осылайша сол аяқты да жуады. Әсіресе өкше мен тобықтардың жуылуын мұқият қадағалау қажет
Дәрет алып болғаннан кейін оқылатын дұға:
أللهُمَّ إجْعَلْنِى مِنَ ألْتَوَّابيْنَ وَ إجْعَلْنِى مِنْ ألْمُتَطَهِّرْيْن
«Аллаһумма иж’ални минәт-тәууәбинә уәж’ални минәл мутатаһһириин»
Мағынасы: Уа, Алла тағала! Мені тәубеге келушілер мен күнәдан пәк жандардың санатына қоса гөр!
أَشْهَدُ أَنْ لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ وَأَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّداً عَبْدُهُ وَرَسُولُهُ...
«Әшһәду әл лә иләһә әлләл-лаһу уахдәһу лә шәрикә ләһу уә әшһәду әннә Мухаммәдән ъабдуһу уә расулуһ».
Мағынасы: Алладан басқа ешбір тәңір жоқ екендігіне куәлік беремін және Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі екендігіне куәлік беремін.