Аллаһ Тағала қаласа, қазақ тiлiндегi дiни әдебиет тағы бiр кiтапқа толыққалы отыр. Ол ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ұлағатты сөздерiн паш ететiн таңдамалы сахих, яғни дұрыстығында күмән болмаған хадистер жинағы.
Бұл жаңа еңбектегi таңдалынып отырған тақырып ауқымы, алға қойған мақсатының негiзгi түп қазығы - дiн, дiн тарихы, Ислам шариғаты мен мұсылмандық әдеп мәселелерiн кең түрде ашып көрсетудi көздейдi. Сол арқылы, қалың көпшiлiк-оқырман мұсылмандық әдеп, ұстанымдардың үлгiсi, өнегесi ретiнде ұсынуға, ұстануға лайық, тәлiм-тәрбиелiк мәнi зор, әрi аталған тақырыпты сан-алуан қырынан сөз ете отырып, терең ашып көрсететiн хадистермен танысуға, ғибрат алуға мүмкiндiк бермек.