ЭКО АРҚЫЛЫ БАЛА КӨТЕРУГЕ БОЛА МА?
Жасанды ұрықтандыру (ЭКО) – табиғи жолмен ұрықтана алмаған әйелдің жұмыртқа клеткасы мен ер адамның ұрығын арнайы медециналық түтікшелер көмегімен ұрықтандырып, әйелдің жатырына салу [1].
- Іштей ұрықтандыру тәсілі. Яғни ер адамның ұрығы мен әйел адамның жұмыртқа клеткасы жатырда ұрықтандырылады[2].
- Сырттай ұрықтандыру тәсілі. Ол – ер адамның ұрығы мен әйел адамның жұмыртқа клеткасы жатырдың сыртында арнайы түтікшелерде ұрықтандырылып, сосын жатырға салынады[3].
Бұл іштей және сырттай ұрықтандыру тәсілдерінің бірнеше көріністері бар. Оның ішінде ұрық пен жұмыртқа клетка ерлі-зайыптыларға тиесілі болса әрі жұмыртқа клетка иесі болған әйелдің жатырына енгізілсе ғана шариғи тұрғыдан рұқсат етіледі[4]. Ал бұдан басқа көріністерде тектің араласуы және «зина» ұғымы туындағандықтан тыйым салынады[5]. Сондай-ақ жұмыртқа клеткасын ажырасқан немесе дүниеден өткен күйеуінің ұрығымен арнайы түтікшелерде ұрықтандырып әйелінің жатырына енгізуге болмайды[6].
ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі
[1] Мухаммад Шәлтут, «әл-Фәтәуа», 326.
[2] Мухаммад Халит Мансур, «әл-Ахкәму әт-тиббия әл-мутағаллақу бин-нисә фи әл-фиқһ әл-исләм», 77.
[3] Мухаммад али әл-Бәрр, «Халқу әл-инсән бәйнә әт-тибби уә әл-Қуран», 531.
[4] Мустафа Зарқа, «әл-Жәнин уә әл-әхкәму әл-мутағаллақу биһи», 137. «Фәтәуа Шәлтут», 327. «Қарарату уә тәусияту мажмағи әл-фиқһи әл-исләми әд-дуәли», 113. 1985-2011 жж.
[5] Жәмияту әл-Азһар, Куллияту әш-шарғияти уә әл-қанун, «Қадая фиқһия муғасара», 1/348. 1986 жылы Халықаралық Ислам Фиқһ Академиясының, Амман қаласында өткен үшінші отырысының, №16 (3/4) қарары. Қараһдағи, «Фиқһу әл-қадая әт-тиббия әл-муғасара», 576. Мысыр Араб Республикасының, Пәтуа комитеті: https://www.dar-alifta.org/ar/fatawa/11682/%D8%
[6] «әл-Мәусуғату әл-муяссара фи фиқһи әл-қадая әл-муғасара (қисм фиқһ әл-усра)», 151-156.