«Тыңдап жатсаңыз да, басқа іспен айналыссаңыз да, үйде үздіксіз Құранның аудиосын қосып қоюдың шариғат үкімі қандай?
«Аллаға сансыз мақтаулар, Оның Елшісіне игілігі мен сәлемі болсын!
Бұл рұқсат етілген және жақсы іс. Және бұл Алланың қалауымен үйді шайтандардан қорғаудың бір амалы.
Алла Тағаланың: «Ендеше, Алланың шексіз рақымына бөленеміз десеңдер, Құран оқылғанда, оған құлақ түріп, үнсіз тыңдаңдар!» деген сөзіне қатысты Имам Ахмад (Алла одан разы болсын): «Адамдар бұл аяттың намазда [тыңдауға] қатысты екеніне бірауыздан келіскен» деген.
Яғни, бұл Құранды намазда оқуына қатысты. Саид ибн әл-Мусайиб, әл-Хасан және әз-Зуһри сияқты саляф солих бір тобынан бұл аяттың осы оқиға үшін арнайы түскендігін хабарлайды.
Бұл Алла Елшісінің сөзіне ұқсас:
«Ол оқығанда, мұқият тындаңыздар». Яғни, имам намазда оқығанда, мұқият тындаңыздар.
Ал Аллаһ жақсырақ білуші.
(Шейх Мухаммад Сәлим әл-Бухайри әш-Шафии)
Сардар ХАТАМҰЛЫ