ЖАС БАЛАЛАРҒА ОРАЗА ҰСТАУ МІНДЕТ ПЕ?
Балиғат жасына жетпеген жас бала мен ақыл-есінен ауысқан адамға ораза тұту парыз емес. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді:
رُفِع القَلمُ عن ثلاثةٍ: عن النَّائمِ حتَّى يستيقظَ، وعن الصَّبي حتَّى يحتلِمَ، وعن المجنونِ حتَّى يَعقِلَ
«Үш адамнан (амал дәптерін жазатын) қалам көтерілді: айыққанға дейін жынданған адамнан, оянғанға дейін ұйқыдағы адамнан, балиғатқа толғанға дейін баладан»[1].
Алайда балаларды құлшылыққа баулу мақсатында ораза ұстатқызу – мұстахап. Хадисте: «Біз балаларымызға ораза ұстатқызып, оларға жүннен ойыншық жасап қоятынбыз. Егер біреуі тамақ сұрап жыласа, ауыз ашар уақыты келгенше (ермек қылып отырсын деп) сол ойыншықты беретінбіз»[2] делінеді.
«Рамазан оразасына қатысты пәтуалар» кітабынан
[1] Термизи, №1423. Нәсәи, №7346. Ахмад, №956.
[2] Бұхари, №1960. Муслим, №1136.