Бөліп төлеу арқылы тауар алуға бола ма?
Бөліп сатуға (рассрочка) шариғатымызда рұқсат берген. Оны «Байғ тақсит» яғни, бөліп сату саудасы деп атайды. Оның көрінісі мынадай: Мысалы, сатушы сатып алушыға: «Бұл кітаптың қазіргі нақты сатылатын бағасы 1000 теңге, ал белгілі бір мерзімге дейін бөліп төленетін бағасы 1200 теңге. Оны әр айда 120 теңгеден төлеп құтыласыз», - дейді.
Егер затты осы аталған бағада сататын болса, ол адал сауда. Демек, қандай да бір затты қолма-қол нақты бағаға сатып алып, кейін оны белгілі уақытқа дейін негізгі бағасына қосып бөліп сататын болса, ол шариғатқа теріс емес. Тек кешіккен жағдайда айыппұл есебінде белгілі пайыз (пеня) қосылса, ол риба. Өйткені, бұл сауда түрі белгілі бір уақытқа дейін қарызға берген еді. Кешіккен жағдайда қарыздың үстінен қосымша пайда көру шариғатта тыйым салынған. Өгей әкенің қыз ұзатудағы рөлі қандай? – Өгей әке қыздың күйеуге шығуына рұқсат бермеуге құқығы бар ма?
Тұрмысқа шығатын қыз 26 жаста, бұрын күйеуге шықпаған. Туған әкесі тірі, бірақ қарым-қатынас үзілген. – Өгей әке әйелімен бірге келген қызға уәли бола алмайды. Сондықтан ол қыздың тұрмысқа шығуына тыйым салуға құқығы жоқ. Мұндай кезде қыздың анасы оны тұрмысқа бере алады. Себебі ана «ғасибтар» (әкесі, ағасы және әкесінің туысқандарының ер кісілері) болмағанда уәлидің орнына жүреді.
Бұл Әбу Ханифаның пікірі. Оның негізгі дәлелі Ибн Масғудтан (t) жеткен хадис. Онда Ибн Масғуд (t) әйеліне өз қызын тұрмысқа беруіне рұқсат еткені туралы айтылады. Негізі ол Ибн Масғудтың (t) қызы емес. Сондықтан ол қыздың некесі анасының уәлилігімен іске асты. Алайда, әкесі мен оның туысқандары болмаған жағдайда, өгей әкесі тақуа, әрі салиқалы болса, онда оның уәли болуына рұқсат беріледі.
fatua.kz