Жуырда мен бір жайсыз оқиғаға тап болдым – өте жаман әрекет жасап қойдым, енді маған кеңес берулеріңізді сұраймын. Жақсы қарым-қатынаста жүрген жақын туыстарым бұл жөнінде біліп қоя ма деп те қорқамын. Сондықтан менен жақын біреулерім «Сен мұны ешқашан жасамадың ба?» - деп сұрағанда, мен оларға: «Жоқ, Алламен ант етемін, мен мұндай нәрсені ешқашан жасамадым», - деп жауап беретінмін. Ал негізінде, мен Алланың атымен жалған серт берген едім. Енді не істесем болады?
Өзіңіздің өтірігіңізді растау үшін Алланың атын қолданғаныңыз, шүбәсіз, өте жаман болған екен. Бұл үлкен күнәлардың бірі, енді сіз шынайы түрде тәубеге келуіңіз керек. Алайда жалған серт берілгені үшін ақшалай немесе ораза ұстау арқылы кәффарат талап етілмейді, өйткені бұл кәффаратты талап етпейтін жалған серт түрі болып табылады.
Шарт жасау кезінде берілген жалған серт кәффаратты талап етеді, мысалы үшін, адам келешекте әлдебір нәрсені жасаймын немесе жасамаймын деп Алланың атымен серт береді. Егер ол сертін бұзса, пітір-садақа сомасына сай келетін қаржы көлемінде он жарлыны тамақтандыру немесе баламалы сома түрінде садақа беру арқылы кәффарат жасауы тиіс, ал егер мұндай соманы төлеуге мүмкіндігі болмаған жағдайда үш күн бойы ораза ұстауы қажет.
Ханафи мәзхабына сай егер адам, сіз сияқты, өткенінде жасаған не жасамаған әрекеті үшін Алланың атымен жалған серт беретін болса, кәффарат талап етілмейді. Жалған серттің өтемі – шынайы түрде өкініп, тәубеге келу әрі келешекте мұны жасамауға сөз беру (ән-Нутаф фил-Фатауа, 381 б.):
فأما الماضيان فانه يحلف بالله انه فعل كذا وكذا ولم يفعل وهو يعلم انه ما فعل كذا وكذا او يحلف بالله انه ما فعل كذا وكذا وقد فعل وهو يعلم انه قد فعل والحينيان ان يحلف بالله انه ليس عنده درهم وعنده درهم وهو يعلم ذلك او يحلف بالله تعالى ان عنده درهما وليس عنده درهم وهو يعلم ذلك ففي هذه الوجوه الاربعة لا تلزمه كفارة في قول ابي حنيفة واصحابه وابي عبد الله لصعوبتها ولان الكفارة لا تمحوها بل تمحوها التوبة
Алайда бұл жағдайда Алланың мейіріміне бөлену үшін садақа беру абзал, алайда міндетті емес болып табылады.
Ал Алла жақсы біледі.