Сапар айында үйленуге бола ма?
Сапар айында үйленуге болмайды деген түсінік жоқ. Хазреті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) қызы Фатима (р.а.) Алиге (р.а.) осы айда тұрмысқа шыққан. Хижра жыл санауы бойынша 2-ші жыл. Ал сапар айында үйленуге, сапарға шығуға болмайды деген түсінік пайғамбарымызға (с.ғ.с) дейін араб халқында болған. Алайда пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сапар айындағы ырымдарды жоққа шығарған. Осыған орай, сапар айында болсын, басқа айларда болсын үйленуге ешқандай кедергі жоқ.
hibatulla.kz