ТІС ҚАНАСА ОРАЗА БҰЗЫЛА МА?
Тістен аққан қанның аз не көп мөлшеріне қаралады. Егер көп мөлшерде қан ағып, оны байқамай жұтып қойса, оразасы бұзылады. Кейін сол күннің қазасын өтейді. Ал қан аз мөлшерде шыққан болса оразаны бұзбайды.
Қанның аз, не көптігін түкірікпен салыстыра отырып анықтайды. Егер қан мөлшері түкірікпен тең немесе одан басым болса, «көп» саналады. Ал, жартысынан азы қан болса, «аз қан» үкімінде болады.
Радду әл-мухтар кітабында: «Егер тістің арасынан қан шығып тамаққа барса, бірақ ішке кетпесе, ораза бұзылмайды. Ал, қанның мөлшері көп немесе түкірікпен тең болып ішке кетсе, ораза бұзылады. Аз болса, бұзылмайды» [1] деген пәтуа бар.
«Рамазан оразасына қатысты пәтуалар» кітабынан
[1] «Хашия Ибн Абидин», 3/368.