Сәресіге ұйықтап қалған адам не істейді?
Сәресіге ұйықтап қалған адам ұйқысынан тұрғанда оразаға ниет қылып оразасын жалғастырады. Негізі мүмкіндігінше сәресіге тұруға әрекет қылу қажет. Себебі сәресінің сауабы мол. Оған қатысты Әбу Сағид Әл-Худриден жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сәресіде береке бар, оны тастамаңдар! Тіпті бір жұтым су болсада ішіңдер. Себебі Алла тағала мен періштелер сәресі ішкен адамға салауат айтады»,-деген. (Хадисті Ибн Хиббан жеткізген)