Соңғы кездері тісім жиі қанап кете береді. Қанаған мезетте аузыма түкірігімді жинап түкіріп тастаймын, кейде ұмытып кетіп жұтып қоямын. Осындай жағдайда оразам бұзыла ма?
Егер тіс қанаған жағдайда қанның көлеміне қаралады. Дәмі білінбейтіндей дәрежеде түкіріктен аз мөлшерде болса ораза бұзылмайды. Себебі мұндай жағдайдан сақтану қиын. Алайда қанның көлемі түкірікпен бірдей не одан көп болса және оны жұтатын болса ораза бұзылады. Кейін қазасын өтеу қажет болады. Сондықтан қолдан келгенше сақтанған жөн.