Оразаны арықтау, яки көппен бірге ұстай салайын деп ұстауға бола ма?
Оразаны тек арыктау үшін немесе денсаулығым жақсарсын деп, яки кеппен бірге ұстау дұрыс емес. Әуелі ниеттi тузеп, бір Алланың ризалығы және парыз болғандығы ушін ұстайды. Сонда Алланың разылығын да алады, денсаулығына да оң әсері тиеді. Кез-келген құлшылықтың қабыл болуы ниетке байланысты. Себебі, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисте: «Амалдардың барлығы ниетке байланысты», - деген.
Олай болса біздің Рамазан айында жасаған құлшылықтарымыз да ниетімізге байланысты мың құлшылыққа пара-пар болмақ. Кім кандай ғибадат жасаса да, оны шын ықыласпен орындауы тиіс. Әйтпесе, жасаған құлшылықтан еш пайда болмайды.