Ислам діні бойынша өзін-өзі өлтіруге бола ма?
Алла Тағала адамзат баласын жаратып әрі біздің Оған деген бойсұнушылығымызды тексеру үшін осы жарық дүниеге жіберген. Өмір жолымызда әртүрлі жағдайларды басымыздан кешеміз.
Алла Тағала Құранда былай айтқан:
أَحَسِبَ النَّاسُ أَنْ يُتْرَكُوا أَنْ يَقُولُوا آمَنَّا وَهُمْ لَا يُفْتَنُونَ وَلَقَدْ فَتَنَّا الَّذِينَ مِنْ قَبْلِهِمْ فَلَيَعْلَمَنَّ اللَّهُ الَّذِينَ صَدَقُوا وَلَيَعْلَمَنَّ الْكَاذِبِينَ
«Адамдар: “Сендік” деумен сыналмай қойып қойылатындықтарын ойлай ма? Рас олардан бұрынғыларды да сынаған едік. Сондай-ақ Алла, әлбетте шыншылдарды да біледі, өтірікшілерді де біледі!» (29:2-3).
وَلَنَبْلُوَنَّكُمْ بِشَيْءٍ مِنَ الْخَوْفِ وَالْجُوعِ وَنَقْصٍ مِنَ الْأَمْوَالِ وَالْأَنْفُسِ وَالثَّمَرَاتِ وَبَشِّرِ الصَّابِرِينَ الَّذِينَ إِذَا أَصَابَتْهُمْ مُصِيبَةٌ قَالُوا إِنَّا لِلَّهِ وَإِنَّا إِلَيْهِ رَاجِعُونَ
«Әрине, сендерді қayiп-қатер, ашаршылық және малдардан, жандардан сондай-ақ өнімдерден кеміту арқылы сынаймыз, (Мұхаммед F.C сондай жағдайларда) сабыр етушілерді қуандыр!Қашан оларға бip қайғы жетсе: “Олар шын мәнінде біз Аллаға тәнбіз әpi Оған қайтушымыз” деді)» (2:155-156).
Жабир ибн Самур (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) өзін-өзі садақ оғының ұшымен өлтірген адамның жаназа намазын оқудан бас тартқанын келтірген.
Өмірдің қиын-қыстау кезеңдерінде сабырлық танытып әрі Алладан пана іздеу қажет. Біздің өмірімізге қатысты Алланың шешіміне бойсұнбаушылық танытып, өз өмірін қиюға қатаң тыйым салынған. Өзіне-өзі қол жұмсаған адам қалай өлсе, өлгеннен кейін де өзін солай азаптайтын болады. Ақыл-есі дұрыс адам шөлдің аптап ыстығынан құтылармын деп жанып тұрған ыстық отқа секірмейді ғой. Ендеше, уақытша қиындықтардан өзін ұшы-қиыры болмайтын мәңгілік азапқа салу жолымен қалайша құтылмақ?
Біздің өміріміз – бұл Алланың сеніп бізге сақтауға берген аманаты; бөтен біреудің мүлігіне өз еркімен ешкімнің қол сұға алмайтыны сияқты, Алла Тағаланың бізге берген өмірімен біз де өз еркімізбен иелік етуімізге құқымыз жоқ.
Өмірдің қиын жағдайларын бастан кешіп жүрген адамға - мұндай бақытсыздыққа ұшыраған жалғыз ол емес екендігін есіне түсірген жөн. Ең жақсы адамдар – пайғамбарлар мен елшілер де – сырқаттан, аштықтан, дұшпандарының қудалауынан, қайыршылықтан запа шегіп, жақын адамдарынан айрылған. Азап – өмірдегі табиғи нәрселердің бір бөлігі, адамдардың ешбірі — жақсылары да, жамандары да — одан қашып құтыла алмайды.
Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан:
«Мүміннің басына қандай да бір қайғы, үрей немесе басқа да нәрсе келмесін, бұл міндетті түрде оның күнәларының кешірілуі болады, тіпті оған тікенек кірсе де» (имам әл-Бұхари).
Мұсылман ретінде жақсының да, жаманның да Алла Тағаланың біздің пешенемізге жазған тағдыры екендігіне сенеміз. Алла Тағала адамның өзін қалай ұстайтындығын тексеру үшін оған жиі бақытсыздық жіберіп тұрады — басына түскен ауыртпашылыққа адам сабырлық танытып, Аллаға шүкіршілік білдіре ме әлде наразылық білдіріп, тағдырына зығырданы қайнай ма... Сабырлы адам, ин ша Алла, осы өмірде де, келешек өмірде де сауапқа кенелетіндігін есімізден шығармайық.
Басқа хадисте былай айтылған:
«Негізінде, мүміннің жағдайы таңғаларлық: оның өмірінде болып жатқанның бәрі – оның игілігі үшін және мұндай қасиет мүміннен басқа ешкімге берілмеген. Егер ол қуанышты жағдайда болса, шүкіршілік білдіреді, бұл оған қайырлы. Егер оның басына қайғы түссе, ол сабырлық танытады, бұл да оған қайырлы»(имам Мүслим).