Адам қайтыс болған үйде теледидар көруге бола ма?
Қайғы мен көздің жасы адам өліміне деген табиғи реакция болып табылады. Біздің асыл дініміз аза тұтудың шегін нақты анықтап қойған.
Күйеуі өлген әйелдің аза тұтуы қажет, алайда бұл басқа адамдар түк болмағандай өмірлерін жалғастыра беру дегенді білдірмейді, өйткені адамның өлімі оның жақын-туыстарына ақриретті еске салады. Қайтыс болған адамның туыстары тамақ әзірлеп, көңіл айтуға келгендерді тамақтандыруға міндетті емес. Керісінше, олардың көрші-қолаңдары, жора-жолдастары қолдарынан келген көмекті аямай, аза тұтып отырған үйге ас әзірлеп әкелгендері жөн.
Жафар ибн Әбу Тәліб (р.а.) қайтыс болғанда Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқандығы келтірілген: «Тамақ әзірлеп, оны Жафардың отбасына апарыңдар. Себебі олар бақытсыздыққа ұшырады» (Әбу Дәуід, Джанаиз, 25; Ибн Маджа, Джанаиз, 59).
Ал енді адам қайтыс болған үйде теледидар көру, радио немесе музыка тыңдауға келер болсақ, бұған тыйым салынбағанмен, алайда қайтыс болған адамға ізет көрсету себепті үйде тыныштық орнатқан дұрыс болады. Үйдегі тыныштық қайтыс болған адамға көрсетілген құрмет әрі оның жақын-туыстарына ақирет туралы ой салады.
Қазіргі таңда жерлеу рәсімдері формалды түрде өтетін болғандықтан, адамдарға көбірек ақиретті еске салу қажет және өлген адам ақиретті еске салудың ең жақсы амалы болып табылады. Сондықтан адамның қазасын тірілерге ақиретті есіне салатын мүмкіндік ретінде қарастырған абзал әрі бұл жағдайды теледидар көрумен немесе музыка тыңдаумен бұзуға болмайды.