Кірпік жабыстыруға бола ма?
Құран Кәрімде Алла тағала: «...және беттеріңді жуыңдар», - деп бұйырады. Осыған орай, дәрет алғанда беттің аумағындағы жуылуы қиынға соқпайтын аймақтарды жуу керек. Кірпік те беттің аумағында орналасқандықтан, оған да судың тиюі ләзім. Әйткенмен, кірпік түбіне, яғни, теріге суды тигізу қиынға соғатындықтан, бетті жуғанда кірпіктің өзін ғана шайып өту жеткілікті саналған[1].
Олай болса, жабыстырылған жасанды кірпік - табиғи кірпігіңіздің жуылуына кедергі келтіреді. Сондықтан да, кірпік жалғауға құмартпаған дұрыс.
Басқа мәсіх тартуға келер болсақ, өзінің аты айтып тұрғандай мұнда өсіп тұрған шаштың үстінен сипаса болғаны. Құйқаға судың өтуі шарт емес. Бұл – дәретте. Ал, ғұсыл алғанда құр сипап қою жеткіліксіз. Бас терісіне су өтетіндей етіп жуады.
[1] Али әл-Қари: «Фатху Бәбиль Иная» - 1/25 бет.
Абдусамат Қасым