Қажылық пен ұмраның ережелері қандай жағдайларда бұзылады?
Ж: Қажылық пен ұмра ережелерін бұзу жағдайлары екі түрлі болады:
- Ихрам жағдайын бұзу, яғни тыйымдарды бұзу.
- Қажылық пен ұмра амалдарын бұзу, яғни дұрыс орындамау. Мысалы, уәжіпті тастап кету, тәртібін бұзу, парыз немесе уәжіпті уақытынан кешіктіріп орындау.
С: Ихрам ережелерінің бұзылуы жағдайлары қандай?
Ж: Олар сегіз түрлі болады:
- Ерлердің тігілген киім киюі.
- Ерлердің бастарын жауып жүруі.
- Ерлер үшін де, әйелдер үшін де жүздерін жауып жүру.
- Денесіне, ихрам киіміне немесе төсегіне иіссу себу.
- Денедегі кез келген шашты не түкті жұлу, қыру, қысқарту.
- Тырнақтарын алу.
- Құрлық аңдарын алу немесе аңшыларға оларды көрсетіп беру.
- Төсек қатынасы немесе оны қызығушылықпен сүю, ұстау сияқты белгілерін жасау.