НАМАЗ РАКАТТАРЫНДА КҮМАНДАНСА НЕ ІСТЕЙДІ?
Өмірінде алғашқы рет намазда күманданып, қанша ракағат оқығаннан шатасса намазын тоқтатып қайтадан бастайды. Себебі Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігімен сәлемі болсын) былай деді:
إذا شك أحدكم في صلاته أنه كم صلى فليستقبل الصلاة
«Егер сендердің біреулерің намазда «қанша ракат оқыдым?» - деп күмәнданса намазды басынан бастасын»[1]. Егер намазды бітіргеннен соң, ракаттың толықтығына күмәнданса оған мән бермейді. Тек кемістікпен орындағанына нақ көзі жетсе онда оның жөні басқа. Егер адамның күмәндануы көбейсе, онда ойының басым бөлігіне амал етеді. Мысалы, екінші ракағатта тұрмын ба немесе үшіншіде ма? деп күмәнданып басым ойы үшінші ракағат болса, онда сонымен амал етеді. Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігімен сәлемі болсын) былай деді:
إذا شك أحدكم فليتحر الصواب فليتم عليه
«Егер біреулерің намазда күмәнданса дұрысын іздесін (басым ойды алсын) және солай намазды бітірсін»[2]. Ал қанша ракағат оқығаны туралы ешқандай басым ойы болмаса, онда оқыған ракағаттың аз бөлігін алады. Бұл соңғы ракағат болу ықтималдығынан тәшәһһуд оқымай сол мөлшерде отырып, сосын соңғы ракағатқа тұрады. Мысалы, үшінші ракағатты оқыдым ба әлде төртіншісін бе! деп ешқандай ойында бысымдылық болмай, азын алған жағдайда, үшінші деп таңдаған ракағаты төртінші болып қалу ықтималдығынан сәждеден кейін ат-тахият оқымай, сол мөлшерде отырып төртінші ракағатқа тұрады. Ал намаздың соңында міндетті түрде сәху сәждесі жасалады. Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігімен сәлемі болсын) былай деді:
إذا سها أحدكم في صلاته ، فلم يدر ، واحدة صلى ، أم ثنتين فليبن على واحدة ، فإن لم يدر ، أثلاثا صلى ، أم أربعا ، فليبن على ثلاث ، وليسجد سجدتين قبل أن يسلم
«Егер сендердің біреулерің намазында қателессе, бір немесе екі ракат оқығанын білмесе, бір ракат деп жалғастырсын, үшпа? Төртпа?- деп күмәнданса, үшінші ракат деп жалғастырсын және екі (сәху) сәждесін сәлемнен бұрын жасасын[3], (яғни: сәху сәждеден бұрын бір сәлем берсін және сәху сәждеден кейін намаз соңында және екі сәлем берсін).
Дәреті бар екені нақ есінде бар кісі кейірек «дәретім бұзылды ма?» деп күмәнданса, оның дәреті бар саналады. «Дәретте кей жерлерімді жудым ба?» деп күмәнданса және күмән алғашқы рет келген болса, күмәнданған жерін жуады. Егер күмәні көбейсе оған мән бермейді. Сондай-ақ, «Тәкбір тахрима алдым ба? немесе денеме нәжіс тиді ма? не дәретім бұзылды ма? яки басыма масих тарттым ба?» деген секілді күмәндар келсе, оның жағдайына қарап шешім шығарылады. Егер бірінші рет күмәнданған болса, күманды есепке алады. Ал күмәні жиі қайталанса оған мән бермейді[4].
Елбек Тасболатұлы
Павлодар облысы бойынша пәтуаға жауапты имам
[1] Насб ар-рая, 2- том, 174- бет.
[2] Насб ар-рая, 2- том, 202- бет.
[3] Насб ар-рая, 2- том, 205- бет. Тирмизи, 398- хадис.
[4] Имам аш-Шурунбулали, Марақи ал-фалах 182-183 бет.