Әрбір істе жетістікке жету үшін не істеу керек?
Алла Елшісі Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) келген хабарда:
«Кімде-кім келесі үш нәрсені жасаса, кез келген істе жетістікке жетеді:
Кез келген істі тек Алла разылығы үшін жаса; (Қайсы бір іс болмасын адам Алла разылығы үшін я өзінің нәпсісінің қалауы үшін болмаса, адамдардың разылығы үшін разылығы үшін жасайды. Кімде-кім Алла разылығынан бұрын адамдардың разылығын ойлайтын болса, Алла Тағала оны адамдарға бағынышты етеді. Ал, кімде-кім өзінің Раббысының разылығын жоғары қойса, Алла оны өз қамқорлығына алады).
Бірлік пен ынтымаққа тырысу; (Бұл жағдайда бірлікті ортақ мақсат пен жүректің ынтымақтастығы құрайды)
Ешқашан ақиқаттан мойын бұрмау».
Ислам әлімдерінің пікірінше, жетістікке жетудің сыры тағы да мына жолдарда:
Күнәлардан аулақ болу және тиым салынған істерге бармау;
Алланың құлдарына мейірімді болу және жақсылық жасау.
Сабырлы болу;
Адамдармен жылы жүзді болу.
Бұл төрт шартты орындаған адамды жетістікке жетпегенін елестету мүмкін емес.
hibatulla.kz