Қажылыққа келіп, оныншы зул-хижжаның таңына дейін Арафат тауында тұра алмаса не істейді?
Ж: Бұл адам үшін қажылық өтіп кеткен болады. Ұмраның амалдарын істеп болған соң халал жағдайына түсуі керек.
С: Оларды орындап болған соң не істейді?
Ж: Келер жылы қажылығының қазасын өтеуі керек.
С: Ол үшін жаза бар ма?
Ж: Жоқ, ол адам үшін жаза жоқ.
С: Ұмраны да өткізіп алу жағдайлары бола ма?
Ж: Ұмраны өткізіп алу жағдайлары болмайды. Өйткені ұмраның белгілі бір уақыты жоқ. Жылдың мәкруһ болған санаулы күндерін басқа күндері жасауға болады.