ДӘРЕТ АЛҒАНДА КӨЗДЕГІ ЛИНЗАНЫ АЛУ ШАРТ ПА?
Көз дәретте жууы міндеттелген беттің құрамына жатады. Ол жайында Алла Тағала Құранда былай дейді:
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِذَا قُمْتُمْ إِلَى الصَّلَاةِ فَاغْسِلُوا وُجُوهَكُمْ وَأَيْدِيَكُمْ إِلَى الْمَرَافِقِ وَامْسَحُوا بِرُءُوسِكُمْ وَأَرْجُلَكُمْ إِلَى الْكَعْبَيْنِ ۚ
«Әй мүміндер! Қашан намазға тұрсаңдар, жүздеріңді және қолдарыңды шынтаққа дейін (яғни, шынтақты қоса) жуыңдар. Бастарыңа мәсих тартыңдар. Және аяқтарыңды екі тобыққа дейін аяқтарыңды (тобықпен қоса) жуыңдар»[1] , – деді.
Бет – бір жаққа жүзденіп қарауды білдіреді. Оны бір рет жуу – парыз. Ол тігінен – маңдайдың шетінен бастап иектің астына дейін, ал көлденеңінен – оң құлақтың жұмсағы мен сол құлақтың жұмсағына дейінгі аралығын қамтиды. Алайда көздің ішкі бөлігін жуу қиын әрі зиян жету қауіпі болғандықтан, оған су тигізу шарт емес[2].
Тіпті ғұсыл алу барысында да көздің ішін жуу міндеттелмейді[3]. Сондықтан дәрет немесе ғұсыл алып жатқанда көзге тағылған линзаны шешудің қажеті жоқ. Өйткені көздің ішін жуу дерет алушыға да, ғұсыл құйынушыға да міндетті.
Исламқұл Иманқұлұлы
Шымкент қаласы бойынша пәтуаға жауапты маман
[1] «Мәида» сүресі, 6-аят.
[2] Сарахси, әл-Мәбсут, 1/6. Мәусули, Әл-ихтияр, 1/40. [
3] Мәусули, Әл-ихтияр, 1/57.